Menu
Журналистиканың қоғамдағы рөлі
Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді көрсетеді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті.

Ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, баға берумен, қорытындылар жасауымен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеген асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамының әлеуметтік институттарының бірі болып, саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге рухани әлемді байытуға себепкер болады.

Баспасөз, радио, телевиденненің негізгі міндеті-жалпы ақпаратты жинап, өңдеп, халыққа ұсыну.

Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын ұмытпау керек.

Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте қажет. Журналист шығармашылық тұлға – ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сондағана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады.

Жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, теледидар көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен, өзгерістерді біліп, қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін бағанын анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп отыруына қажет.

Жалпы журналистика-халықтық болып саналады. Өйткені журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Халық өміріне кедергі келтіретін нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде көңіл-біліп, ескертіп отыруы, қоғамдық пікір туғызуы қажет.

12.07.2010 16:08 Қазақ тілі Артем 4625 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход