Menu
Жастар субмәдениеті
Мазмұны :

І. Кіріспе бөлім
Субмәдениет ұғымы

ІІ. Негізгі бөлім
А)Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің себептері
Ә)Жастар субмәдениеті

ІІІ. Қортынды бөлім
Қорытынды


ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІ

Субмәдениет ұғымы
Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам құрып, белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi. Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады.


Жастардың арасындағы субмәдениет ту¬ралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғы¬мына ғана қатысты емес, сонымен қа¬тар «жастар», «субмәдениет» тү¬сініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кет¬кендігінен туып тұр. Жалпы, субмәде¬ниет - жас адамдардың ресми емес қаты¬нас¬тарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағи¬далары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-¬ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көр¬¬се¬ту¬дің, дамытудың бір жолы.
Жастар субмәдениетінің өзіндік құн¬ды¬лықтары мен тәртіп нормаларын культ¬қа айналдыруға уақыты жеткілікті жас ада쬬дар аса көп шоғырланған үлкен мега¬по¬листерге тән феномен екендігін айта кет¬кен жөн. Мұны «жастарға арналған мә¬дениет» (кино, әртүрлі жаппай көңіл кө¬те¬ру, бизнес, сән, телехикаяттар т.б.) пен жас адамдардың контрмәдениетімен (дәс¬түр¬лі нормаларға қарсы тұру секілді) ша¬тастырмаған жөн.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты бол¬мағандығына байланысты мәдени мұ¬ралар элементтерінің де соншалықты сан¬қыр¬лылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық суб¬мә¬дениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмә¬де¬ниет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорт¬тық субмәдениет (паркуршілер, сноу¬бордшылар, скейтбордшылар) ай¬рық¬ша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ тବбынушылары секілді спецификалық суᬬмәдениеттің түрлері бізде бар бол¬ға¬нымен, Ресей және басқа да шетелдермен са¬лыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк «стиль» қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында пси¬хо¬ло¬гиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана та¬ра¬пынан болатын олқылықтардың қа¬тар¬ласуы салдарынан орын алады.
Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:
1. Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу
2. Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану
3. Барлық адамдар сияқты юолуды қаламау
4. Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді
5. Криминалдың әсер етуі
6. Мода қуу
7. Батыстық бейнеге еліктеу
8. Өмірлік мақсаты болмау
9. Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.
Әлеуметтік – құқықтық критерии бойынша бейформалдық бірлестіктер
3-ке жіктеледі:
1. просоциальді(жағымды бағыттағы)- жастарға жағымды, белсенді әсер ететін.
2. асоциальді(бейтарап түрде)- бос уақытты өткізу үшін құрылған.
3. антисоциальді(жағымсыз бағыттағы)- жастарға кері әсерін тигізетін бірлестіктер.

Жастар субмәдениеті - жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүр¬геннен соң, әрі қарай өз мәнін жоятын да¬мудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың рес¬ми емес қатынастары және олардың өз¬деріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке суб¬мәдениеттің қалыптасуының себебіне ай¬налады.
Жастар субмәдениеті - киген киімнен, сөй¬леу мәнерінен, жаргондардан және ай¬р¬ықша әуестенулерден көрініс табатын үл¬кендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қар¬сы¬лық. Мәселен, готтардың келбетi қорқынышты фильмдердегiдей үрей туғызады. Олардың өзiндiк символы – қара түнек. Түнде жүрiп, сиқырмен айналысып, зираттарда түнейдi екен. Сондай-ақ эмо дегендердiң өзiнше тағдырлары бар көрiнедi, олар өздерiнiң тамырларын кесiп, тек қара мен алқызыл түстi ғана мойындайды. Ал скинхэдтер, яғни тақырбастылар туралы әңгiме басқаша. Бұдан да өзге субмәдениеттер бар. Мысалы, компьютерлiк, ақпараттандыру технологияларын жаңғыртушылар. Зиянды хакерлер бiрлестiктерi де жоқ емес.
Белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып тବбылатын жастардың психологиялық ереꬬшеліктеріне келер болсақ, ол мына бір жайттардан көрініс табады: ата-ана¬ла¬ры мен мектеп тарапынан болатын ба¬қы¬лау¬лардан босауға деген ұмтылыстан, эмцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсі¬¬релеушіліктен, өмірге қатысты ой¬ла¬ры¬ның тым мінсіздігінен, адамгершілік ұс¬та¬ны쬬дарының тұрақсыздығынан, жеке ада¬ми құндылықтарының қалыптас¬па¬уы¬нан.

Жастардың өмір сүру қалпы және тір¬шілік ұстанымы контрмәдениет шең¬б嬬рін¬де болуы мүмкін емес сияқты. Себебі субмәдениет – жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келмейтін жалпы мәдениеттің бір бөлігі, ал контрмәдениет – жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келетін жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Ай¬талық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттан¬дыра ал¬мау¬шылық мәселелері негізіндегі контр¬мә¬дениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пай¬да болды. Ал Батыс және Шығыс Еу¬ро¬па елдеріндегі «тақыр басты» жастар қоз¬ғалысының пайда болуы, оның Ре¬сей¬дегі қатыгездену және сая¬сат¬тану тарихы - бұл да жастар субмәде¬ние¬тінің емес, кон¬тр¬мәдениетінің көрінісі. Қазақстан - бел¬гілі дәстүрлер мен жа¬ңа¬шыл¬дықты өзі¬не жинақтаған ерекше мем¬лекет. Біздің жас¬тар, бір жағынан, қоғамның ин¬но¬ва¬циялық потенциалы болып табылады жә¬не білім алуда, жаңашылдықты қа¬был¬дау¬да, мамандығы бойынша өсіп-өр¬кен¬деу¬де және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. Бірақ сонымен қатар тәрбие мен құнды¬лықтарды мұра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де ұмытпайды. Дәл осы са¬надағы дәстүрлілік пен діл ерек¬шелігі жас¬тардың ерекше суб¬мә¬де¬ниетінің қа¬лып¬тасуын тежеп тұр.

Негізі, жас адамдардың наным-сенім, өмір, бақыт, туыстарына деген махаббат, ден¬саулық, отбасы секілді құндылықтарға қа¬рым-қатынастары оның рухани-адам¬шылық ішкі күйзелісі мен өмірлік мақ¬сат¬та¬рын асыра бағалауымен байланысты. Біріншіден, жастар субмәдениеті жас адамдардың өз қолдарымен жастар үшін құрылады. Одан барлық адам бірдей өт¬пейді және субмәдениет қазіргі әлеу¬меттік-мәдени ұстанымдарды жоюға емес, керісінше, жастарды сол қоғамның бө묬шегі етуге негізделеді.

Субмәдениет - бұл қоғамның жай кедергі жасамауына болатын жастардың әлеуметтік белсенділігінің алаңы. Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмір¬ге бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Олар¬ға нағыз өмір туралы нақты кеңестер бе¬ріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бө¬лісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғы¬лыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұр¬ғы¬сынан саралап, дәуір психологиясын ес¬кермей, мәселені сол заман адам¬дарының қандай көзқараспен таны¬ған¬дығын назардан тыс қалдырып жатамыз.
Қорытынды
Ендеше, келешекте дұрыс қоғамды қалыптастыру үшiн осындай бөтен мәдениет түрiн қабылдамаудың жолын шешу керек. Керiсiнше, өзiмiздiң қазақы дiлiмiз бен мәдениетiмiзге тән ерекшелiктерiмiздi тануға тиiспiз. Ұмыт қалған салт-дәстүрiмiздi қайта жаңғыртып, дамытып, өзiмiздiң қазақ деген атқа лайық мәдениеттi, оның салаларын қазiргi жастарға насихаттау керек. Бүгінде мектеп, университет және от¬басы жастарға жай «бақылаушы» по¬зи¬ция¬сын ұстанбаулары керек, керісінше, же¬ке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұ쬬тылу позициясын қамтамасыз ету ке¬рек.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет
2.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС
3.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь



Реферат
Тақырыбы: Жастар субмәдениеті

Орындаған: Ахметжанов А. ИСК - 111

Тексерген :

Алматы 2011 жыл
06.12.2011 16:00 Социология Ахметжанов Аблайхан Булатовия 5759 45178 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход