Menu
Даналық басы - "Авеста"
Шығыс халықтарының ішінде ең бай, ең көне әдебиет парсы-тәжік әдебиеті болып саналады. ХХ-ХV ғ. арасы Иран мәдениеті, әдебиеті үшін алтын ғасыр санатына жатады. Ежелгі заманда Орта Азия және Иран халықтарының түп-төркіні, тарихы бір болған, бірге дамыған, сондықтан да парсы поэзиясының биіктері мен шыңдары тәжік халқының да ортақ мұрасы болып саналады.

Ерте замандарда Орта Азия мен Иран халықтарының поэзиясының шығармашылығы бір бастаудан өріс алған. Бұлар үшін барлық даналықтың басы – “Авеста”. Бұл кітаптың ішіндегі көптеген тараулар, жазбалар кейінгі ғасырлардағы парсы-тәжік поэзиясының өріс алуының негізі болған. Авеста өзінің алғашқы беттерінен бастап-ақ адам мен табиғатты жырлайды. Әсіресе, суды ерекше құрметтеп, бағалайды. Тау өзендерінің құлап аққан сарқырамасы, құстардың қуатты қанат қағысы, түнгі жапырақтарының сыбдыры бәрі де су үніне, әуеніне қосыла ғажайып бір симфониялық оркестрге ұқсайды. Шығыста суды қадірлеу, құрметтеу әрі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтпаған. “Қайда су болса, сонда өмір болады”, – дейді парсылар. “Судың да сұрауы бар” – деген қазақ. “Авестада” екі нәрсе бар: жамандық пен жақсылықтың күресі, зұлымдық пен игіліктің күресі. Соның бәрінде де жақсылық, игілік иесі адам жеңіп отыруға тиіс. Пенде баласы дүниеге келгеннен бастап, өмірінің ақырына дейін қолынан келгенше жақсылық етуге тиіс. Жаңа туған нәресте де жақсылықтың нышаны дейді бұл кітапта, бала – бақыттың қайнар бұлағы. Егер бір істі бастайтын болсақ, сәбидің басына, маңдайыңды тигізіп шық дейді. “Авестада” айқын айтылатын тағы бір жай: 1) Жер өңдеу және нан. “Кім жерге дән сепсе, сол жан себеді”, – дейді “Авеста”. Нанды қадірлеп, Құраннан биік қою, аяқ асты етпеу осы даналық кітабынан басталған сияқты. 2) Сүт жайында. Егер әкеле жатқан сүтің бір жерге төгіліп қалса, сол жерді мұқият күреп алып, өзеннің таза суымен ағызып жібер дейді: сүт шығыста ерекше тағам ғана емес, киелі, қасиетті тағам ретінде пайдаланылған. 3) Темірге ерекше мән берген. Мысалы, егіншілер егін даласына шығар алдында ұстахана арқылы өтіп, ұстаның көрігіне маңдайын тигізіп, сүт жалатқан, сонда ғана біздің ісіміз оңға басады деп ойлаған. “Авестаның” айтуы бойынша, темірге табыну айрықша орынға ие болғанға ұқсайды.

“Авеста” кітабының “Ясна” деген тарауында мынадай сөздер бар: “Бұл үйде тыңдалғаннан тыңдау басым болсын. Араздықтың орнын бітім билесін. Сараңдықты жомарттық билесін. Дінсіздікті дін билесін. Өтірік сөзді орынды сөз билесін. Жалғанды шындық билесін”, – дейді.

Гүлдің ең әдемі түсі – ақ, жаманы – қара. Күндер: 3, 5, 7, 40, осы күндерді ерекше күтіп алып, шығарып салып отырған. Әсіресе 7 санын бөліп атау керек. Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндерін қиын деп есептеген.

14.10.2010 23:37 Қазақ тілі Артем 3415 4
Отан   15.10.2010 17:12
1) Парсы-тәжік халықтары үшін даналықтың басы – “Авеста” болса, қазақ халқы үшін даналықтың басы не деп ойлайсыз?
2) “Авестадағы” құндылықтар қазақ халқының құндылықтарымен, наным-сенімімен сәйкес келе ме? Айырмашылықтары бар ма?
3) “Авеста” кітабын діни кітап деуге бола ма? Оны басқа қасиетті кітаптармен салыстырып көріңіз.
Отан   15.10.2010 17:12
1. Орта Азия мен Иран халықтарының тарихы бір болған, бірге дамыған.
2. “Авеста” өзінің алғашқы беттерінен бастап-ақ адам мен табиғатты жырлайды.
3. “Авестада” айқын айтылатын жайлар бар.
4. “Авестада” сандар туралы айтылады.
Отан   15.10.2010 17:12
1) Кім жерге дән себеді, сол жан себеді.
2) Қайда су болады, сонда өмір болады.
3) Қолыңдағы сүтің төгіліп қалады, сол жерді күреп алып, таза сумен ағызып жібер.
4) Бір істі бастадың, маңдайыңды сәбидің басына тигіз.
Отан   15.10.2010 17:11
1) Шығыс әдебиетінің тарихы туралы не айтар едіңіз?
2) “Авеста” туралы не білесіз?
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход