Menu
Ежелгi Мысыр
Ежелгi Мысырдың тарихы мынадай кезеңдерге бөлiнедi:

Династияға дейiнгi кезең (б.з.б. 3000 жылға дейiн). Ежелгi патшалық (б.з.д. 2900-2270 жж.) – I-VI династиялардың басқарған кезеңi. Бұл – IV династия тұсында билiк құрған Хеопс (Хуфу), Хефрен (Хафр) және Микерин (Менкаур) патшалардың пирамидалары салынған уақыт. Бұл уақытта мысыр дiнi мысырлықтардың өмiрiнде елеулi орын алатын. Осы кезеңде династияға дейiнгi және одан ертерек кезеңдермен салыстырғанда ешқандай өзгерiстер бола қойған жоқ.

Алғашқы өтпелi кезең (б.з.б. 2270-2100 жж.) “Ежелгi патшалық” құлдырағаннан кейiн басталады. Бұл феодализмнiң алғашқы баспалдақтарына өту кезеңi болды. Осы кезеңде IV династия және 30-ға жуық патша ауысты.

Орта патшалық (2100-1700 жж.). Оны Гераклеополь патшаларын құлатып, елдi қайта бiрiктiрген фиван билеушiлерi құрған. Бұл кезеңде ХI-ХIII династиялар патшалық құрды, мәдениет өркендедi, Амемхет атты 4 патша және Cиострис атты 3 патша билiк басында болды, сәулет өнерiнiң көптеген үздiк туындыларының өмiрге келуi де осы дәуiрмен тұспа-тұс келдi.

Екiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1700-1555 жж.) – бұл ХIV-ХVI династиялардың билiк құрған кезi. Бұл кезеңде гикс көшпелi тайпалары Мысыр аумағына баса-көктеп кiрiп, өз қол астында бiр ғасырға жуық ұстайды.

Жаңа патшалық (б.з.б. 1555-1090 жж.) ХVIII-ХХ династиялар патшаларының дәуiрi. III Тутмостың жеңiске жетуi Алдыңғы Азиямен байланыс орнатуға мүмкiндiк бердi. III Аменофис (Аменхотеп) Вавилон және Ассирия патшаларымен байланыс орнатты. Оның iзбасары IV Аменофис (Аменхотеп) дiн жолындағы ұлы реформатор болды: бұрынғы Амон құдайдың орнына, күнге – Атонға табынуды енгiздi, сөйтiп, өзiн Эхнатон деп атай бастады. Ол құм далада жаңа астананың негiзiн қалады.

Өзiнiң саяси өркендеуiнiң ең биiк дәрежесiне Мысыр ХIХ династия патшаларының тұсында жеттi. Ұлы атанған II Рамсес 36 жыл патшалық құрды. Ол өлгеннен кейiн анархия дәуiрi басталды. 21 жыл билiк жүргiзген III Рамсес елде бейбiтшiлiк, тыныштық және тәртiп орнатады.

Үшiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1090-712 жж.) – бұл табыстар мен сәтсiздiктер, өркендеу мен құлдырау дәуiрi. ХХIV династия тұсында бүкiл Мысыр эфиоптардың билiгiнде болды.

Б.з.б. 712-525 жж. кезеңiнде ХХV династия тұсында Мысырды ассириялықтар басып алды. ХХVI династия Мысырды Эфиопиясыз тағы да бiрiктiре алды. Осы династияның соңғы патшаларының бiрi – III Псаметих парсы патшасы Камбизден жеңiлiс тауып, Мысыр парсы провинциясына айналды. Осымен б.з.б. 525 жылы Ежелгi Мысыр тарихы мен Мысыр өркениетi тарихы аяқталады.

Сосын Мысыр парсы, одан кейiн грек-рим үстемдiгiнде болады.

16.10.2010 13:48 Қазақ тілі Артем 7142 4
Отан   16.10.2010 13:49
1) Мысырдың ежелгi тарихына жалпы сипаттама берiңiз.
2) Ежелгi Мысыр тарихының қандай ерекшелiктерi бар?
3) Мысыр жерi қандай басқыншылықтарды басынан кешiрдi?
Отан   16.10.2010 13:49
В 332 году Александр Македонский завоевал Египет и основал Александрию, которая стала центром эллинистической культуры. При Птолемее III Египет вновь обретает политическую самостоятельность. Последующие два века вплоть до рождества Христова заполнены династическими распрями Птолемеев. Египет все более попадал под влияние Рима. Христианство рано получает распространение в Египте. С 640 года н.э. Египет попадает в полную зависимость от арабской державы, позднее под власть Османской империи и в европейскую историю входит уже во времена Наполеона (т.е. его похода в Египет).
Отан   16.10.2010 13:49
1) Гикс көшпелi тайпалары Мысыр жерiнде үстемдiк құрды.
2) Ежелгi патшалық құлдыраған кез – феодализмнің алғашқы баспалдақтарына өту кезеңi.
3) III Псаметих парсы патшасы Камбизден жеңiлiс тапты.
4) III Аменофис дiн жолындағы ұлы реформатор болды.
5) ХI-ХIII династиялар тұсында сәулет өнерiнiң үздiк туындылары өмiрге келдi.
6) Б.з.б. 2900-2270 жж. Хеопс, Хефрен, Микерин патшалардың пирамидалары салынды.
Отан   16.10.2010 13:48
1) Ежелгi Мысыр туралы не бiлесiз?
2) Қандай Мысыр патшаларын бiлесiз?
3) Тағы қандай ежелгi өркениеттердi бiлесiз? Атаңыз.
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход