Menu
Иран туы
Иранның мемлекеттік туы жасыл, ақ және қызыл жолақтардан тұрады, ортасында елтаңба орналасқан. Жасыл түс ислам дінін бейнелейді. Ақ түс – бейбітшіліктің белгісі. Ал қызыл түс батырлық пен ерлікті білдіреді. Тудағы ақ жолақтың асты мен үсті араб сөздерінен тұратын екі сызықтан тұрады. Бұл “Алла Тағала бәрінен де ұлық” дегенді білдіретін “Аллах Акбар!” (Allahu Akbar) деген сөйлемнің 22 көшірмесі. Иран атазаңында айтылғандай, 22 саны ислам күнтізбесі бойынша 11- айдың 22-і күні бұрынғы режимді құлатқан Ислам төңкерісімен байланысты таңдалған. Иран күнтізбесі зодиак белгісіне негізделген. Жыл басы 21-наурызға және он бірінші ай Суқұйғыш белгісіне сәйкес келеді. Ақ жолақтың үстіңгі сызығында 11 жасыл көшірме, ал астында 11 қызыл көшірме бар. Ту 1980 жылы 29-шілдеде қабылданған.

14.10.2010 23:34 Қазақ тілі Артем 4167 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход