Menu
Атау септігі
1-тапсырма. Атау септігін есіңізге түсіріңіз (вспомните формы И.п. существительных).
Септіктер Сұрақтар Жалғаулары Тәуелдік жалғаудың
І, ІІ жақтарынан кейін Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін
Атау септігі кім? не? кімі? несі? -м,
-ң -і,
-сі

2-тапсырма. Атау септігінің мағыналарына назар аударыңыз:
- Белсенді әрекет иесі Дулат теледидар көріп отыр.
- жақ (зат) атауы Бұл – Айжан. Мынау – кітап.
- Қаратпада тұлға сипаты Дастан, қайда барасың?
- Квалификативтік белгі иесі. Бақыт – дәрігер
- факт, оқиға Ертең – сайлау
- заттың бар, жоқ екендігі Қалада жақсы театр бар.
- Иеліктегі затты білдіреді Менің кітабым бар.
- Жақ, зат идентификациясы Менің атым – Салтанат
- Қажеттілік мәні Дүкеннің аты – «Заңғар»
Маған білім керек
- уақыттық кезеңдегі әрекет иесі Сабақ сағат 2-де басталады.
Уақыттық кезең (период) Бүгін жұма.
- субектінің физикалық, Баланың ыстығы бар.
эмоциалық қалып-күйі Басым ауырып тұр.
Іс-әрекет субъектісі Әкем жазып отыр.
Әкем ұйықтап жатыр.

3-тапсырма. Келесі сөздерді көптік жалғауында жазыңыз.
Станция, делегация, кітап, аудитория, бақ, қала, хат, тапсырма, әпке, аға, орындық, компьютер, мақала, дос, журнал, газет, дәрігер.

4-тапсырма. Модель бойынша сұқпаттасу ( диалог) құрыңыз.
А: Ол тарихшы ма?
Б: Иә, ол тарихшы.
А: Олар кім?
Б: Олар да тарихшылар. Сіз – филологсыз;
Ол – журналист;
Сен – математиксің;
Қанат – экономист;
Жанат – дәрігер;
Бекнұр – заңгер;
Рабиға Рахманбердина – оқытушы;
Болат – философ;
Дәулет – саясаткер.

5-тапсырма. Әр түрлі елдердің тұрғындары қалай аталады, есіңізге түсіріңіз.
Түркия Ол түрік Олар _______________
Канада Ол канадалық Олар _______________
Испания Ол ________________ Олар _______________
Жапония Ол ________________ Олар _______________
АҚШ(Америка Құрама Штаты) Ол _американдық_______________ Олар _______________
Германия Ол ________________ Олар _______________
Куба Ол кубалық Олар кубалықтар
Корея Ол ________________ Олар _______________
Қытай Ол _қытай_______________ Олар _______________
Франция Ол ________________ Олар _______________
Швеция Ол ________________ Олар _______________
Өзбекстан Ол ________________ Олар _______________
Ресей Ол ________________ Олар _______________
Англия Ол ________________ Олар _______________

6-тапсырма. Модель бойынша сұқпаттасу ( диалог) құрыңыз.
а)
Испания – испандық
А: Сіз кімсіз?
Б: Мен испандықпын.
А: Сіздің достарыңыз ше?
Б: Олар да испандықтар. Италия, Англия, Швеция, Нидерланды, Финляндия, Чехия, Польша, Қытай, Куба, Греция, Германия, АҚШ
АҚШ – американдық
Англия – ағылшын
А: Ол американдық па?
Б: Жоқ, ол ағылшын. Ал оның досы американдық. Испания – Греция;
Швейцария – Швеция;
Дания – Чехия;
Россия – Польша;
Германия – Куба;
Австрия – Жапония.

7-тапсырма. а) Сіз кімсіз, топтағы сіздің достарыңыз кім, айтыңыз. Мысалы: Мен қазақпын, ал Ие – кәріс.
б) Сұқпаттасу ( диалог) құрыңыз: Жолдастарыңыз кім (ұлты) сұраңыз.
Мысалы: - Анна, сен ағылшынсың ба?
- Жоқ, мен ағылшын емес, шведпін.
в) Ойнайық! Біреуіңіз елді айтасыз, ал басқасы онда кім тұрады, соны айтады.
Мысалы: - Италия. – Итальяндықтар.
г) Ойнайық! Мына адамдар кім, айтыңыз (мамандығы, ұлты).
Мысалы: М.Әуезов – қазақ, жазушы.
Ханс Кристиан Андерсен (Дания), Шыңғыс Айтматов (Қырғызстан), ағайынды Гримдер (Германия), София Лорен (Италия), Джон Кеннеди (АҚШ), Қаныш Сәтпаев (Қазақстан), Рымғали Нұрғалиев (Қазақстан), Мұхтар Өтелбаев (Қазақстан), Анна Ахматова (Ресей), Конфуций (Қытай), Габриель Гарсиа Маркес (Колумбия). Бекзат Саттарханов ( Қазақстан),
Анықтама үшін материалдар: әртіс (актриса), жазушы, президент, философ, драматург, ғалым, ертегіші, ақын, математик, спортсмен.

8-тапсырма. Сілтеу есімдігінің атау септігіндегі тұлғасын есіңізге түсіріңіз (вспомните формы И.п. указательных местоимений).
Атау септігінде – мына, мынау, ана, мыналар, аналар, сол, солар.
9-тапсырма. Сын есімнің атау септігіндегі тұлғасын есіңізге түсіріңіз. (вспомните формы И.п. прилагательных).
Есіңізге сақтаңыз: Қазақ тілінде сын есім зат есім алдынан келгенде септелмейді. Заттанған сын есім септеледі.
Сөйлемдерді модель бойынша аяқтаңыз.
Мына үй үлкен, ал мына үй кішкентай (маленький).
1. Мына фотоаппарат қымбат, ал анау ___________ .
2. Мына ыдыс таза, ал анау ___________ .
3. Мына ғимарат жаңа, ал анау ___________ .
4. Мына жаттығу оңай, ал анау ___________ .
5. Мына сөмке ауыр, ал анау ___________ .
6. Мына көше кең, ал анау ___________ .
7. Мына сүт жылы, ал анау ___________ .
8. Мына аудитория кішкентай, ал анау ___________ .
9. Мынау менің үлкен ағам, ал анау ___________ .
10. Мұнда климат суық, ал анда ___________ .
11. Онда жаз салқын, ал мұнда ___________ .
12. Қысқы каникул қысқа, ал жазғы каникул ___________ .
13. Мұнда гуманитарлық факультеттері, ал анда ___________ .
Анықтама үшін сөздер: арзан, лас, ескі, қиын, жеңіл, тар, суық, үлкен, кіші, ыстық, ұзақ, жаратылыстану.

10-тапсырма. Модель бойынша сұқпаттасу (диалог) құрыңыз.
А: Қарашы, қандай әдемі свитер!
Б: Қайсысы?
А: Анау, қызыл түсті.
Б: Иә, жаман емес, бірақ маған көгілдір түсті ұнайды. пальто – қысқа – ұзын;
раушан – қызыл – ақ;
көйлек – сары – жасыл;
куртка – қоңыр – қара;
шалбар – көк – қара;
плащь – сұр – қоңыр.

11-тапсырма. Сұқпаттасу ( диалог) құрыңыз. Достарыңыздан сұраңыз. Оларға қандай музыка ұнайды.
Мысалы: - Саған қандай музыка ұнайды?
- Маған классикалық музыка ұнайды. Саған ше?
- Маған қазіргі музыка ұнайды.
Анықтама үшін сөздер: фильмдер, жазушылар, суретшілер, композиторлар, әншілер, гүлдер, машиналар, қалалар.

Ол поляк. Ол полякша сөйлейді.
Оның ана тілі – поляк тілі.
!

12-тапсырма. Модель бойынша сұқпаттасу ( диалог) құрыңыз.
А: Ол немісше сөйлей ме?
Б: Әрине, ол неміс емес пе? Неміс тілі – оның ана тілі. Ол – немісше, орысша, жапонша;
Сіз – ағылшынша, чехше, кәрісше;
Олар – қытайша, французша.
Сен – испанша, шведше, вьетнамша.

13-тапсырма. а) Сіз кімсіз, ана тіліңіз қандай тіл, айтыңыз.
Мысалы: Мен чехпін. Менің ана тілім – чех тілі.
б) Диалог құрыңыз. Жолдастарыңызға сұрақ қойыңыз.
Мысалы: - Сіз полякша сөйлейсіз бе?
- Жоқ, мен полякша сөйлемеймін, полякша білмеймін. Менің ана тілім – ағылшын тілі. Мен ағылшынмын (я англичанин).

14-тапсырма. Қандай сөздер тек қана жекеше түрде (в форме единственного числа) қолданылады.
Жекеше түрде қолданылатын сөздер: ауа райы; сүт, айран, ет, қант, тұз, май, бауырсақ, нан; қарақат, таңқурай, жүзім, бидай, алма; сәбіз, шалқан, қызылша, капуста, ыдыс, жиһаз, аяқ, қол, шаңғы, құм т.б.

ҰЛТТЫҚ КАДРЛАР МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым пен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.
Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.
Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.
Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек.

1. Білім қалай бәсекеге түседі?
2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек?
3. Білімді болу деген не?
4. Жас мамандар қандай болуы қажет?
5. Мәтіннен туынды зат есімдерді табыңыз.
6. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.
Ғылымды бағыттау, басты нышан, халықтың болашағы, білім беру, басты талап, білім беру реформасы, ғылым мен мәдениет, алтын қор, білімді болу, қабілет, ғұламалар, дарын, зейін, ақыл-ой, жауапкершілік.
7. Мәтінді әңгімелеп беріңіз.

21.09.2010 13:50 Казахский язык Артем 2039 6891 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход