В предложении причастие может выполнять роль любого члена предложения: подледащего, сказуемого, определения, обстоятельства и дополнения.
Причастие принимая личные окончания, выполняет роль сказуемого. Например: Біз осы жобаны қолда-мақ+пыз. - Мы намерены поддержать этот проект.
Причастие, находясь перед именем, выполняет роль определения. Например: Менің айт+пақ сөзім осы. – Это (все) то, что я хотел тебе сказать
1-жаттығу. Тиісті қосымшаларды жалғаңыз. Вставьте соответствующие аффиксы.
1. Ол келер жылы шетелге саяхатқа шық.... . 2. Билетті алын-ала кассадан сатып ал...шы болды. 3. Әкем сенімен жеке сөйлес... екен. 4. Ол дүкенге кір... болды. 5. Біз оларға болған жайды түсіндір...піз. 6. Сендер қашанға дейін ойлан...сыңдар. 7. Мен ауылдан ертең қайт... пын. 8. Демалыс күндерін тауда өткіз...піз. 9.Той қызықты өту үшін түрлі шаралар жаса...пын. 10.Американдық актер қазақ фильміне түс...ші.
мақ мек бақ бек пақ пек
мақ мек пақ пек
2-жаттығу. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте необходимое слова.
1. ... жобасы осы болу керек.
2. Ол отбасымен ... жерін анықтап алды.
3. Іссапардан ... уақыты жақындап қалды.
4. Мақсаттың ... ісі әлі алда.
5. Жиналыста ... ойын сездірді.
көрсетпек бармақ қайтпақ істемек айтпақ
Тестовые задания по грамматике.
1. -мақ қосымшасы жалғанатын етістік. Глагол с прибавлением аффикса -мақ.
А) айт
Ә) бар
Б) көр
В) сөйле
Г) кет
2. -бақ қосымшасы жалғанатын етістік. Глагол с прибавлением аффикса -бақ.
А) жаз
Ә) істе
Б) жүр
В) отыр
Г) үйлен
3. Қажетті қосымшаны көрсетіңіз. Вставьте нужные аффиксы.
Мен ертең Астанаға жол жүр... .
А) бекпін
Ә) мақпын
Б) мекпін
В) бақпын
Г) пекпін
4. Қажетті қосымшаны көрсетіңіз. Вставьте нужные аффиксы.
Сен қазақ тілін үйрен... бе?
А) мексің
Ә) бақсың
Б) мақсың
В) бексің
Г) пексің
5. -пек қосымшасы жалғанатын етістік. Глагол с прибавлением аффикса -пек.
А) кір
Ә) кес
Б) шық
В) ұш
Г) жақ
6. Есімшенің мақсатты келер шақ формасын көрсетіңіз. Укажите форму причастия, которая обозначает намерение, цель.
А) айтыпты, сөйлепті
Ә) жүзеді, оқып отыр
Б) айтар, түсіндіреді
В) дайындалған, кешіккен
Г) сатып әпермек, жұмыс істемекпін
7. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте необходимое слово.
Бүгін теледидардан «Қазақшаң қалай?» бағдарламасын ...
А) түспек
Ә) демалмақ
Б) көрсетпек
В) сөйлеспек
Г) ойламақ
Шетелге саяхат
Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттаңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.
очередной отпуск кезекті демалыс
обдумать ойластыру
замысел, соображение ой
путешествовать сапар шегу
Великий Шелковый путь Ұлы Жібек жолы
взор, внимание назар
под одной крышей бір шаңырақ астында
придать значение мән беру
объект нысан
выставка көрме
развлекательные комплексы ойын-сауық кешендері
ледяной каток мұз айдыны
канатная дорога аспалы жол
1. Тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте.
Кезекті демалысымды келесі аптада ал+мақ+пын. Алдын-ала отбасымызбен қай елге баратынымызды ойластырып қой+мақ+пыз. Әйелім Анталияға бар+мақ ойын айтты. Үлкен қызым Францияны, ұлым Қытай елін таңда-мақ+шы болды.
Мен дүниежүзілік картаны ашып, сапар шегетін елді қарай бастадым. Назарым бірден жер көлемі үлкен «Қазақстан» деген мемлекетке түсті. Бұл мемлекет туралы бұрын да естіген болатынмын. Аз ғана уақыт ішінде экономикасын көтерген, 130-ға жуық әр ұлт өкілдері тұратын елге мән беріп қара+мақ+пын.
Кітап дүкенінен «Қазақстан Республикасы» деген үлкен иллюстрациялы кітап сатып алдым.
Кешке отбасымызбен кітапты қарап, Қазақстанның бас қаласы - Астана туралы мәлімет алдық. Онда 30 туристік фирма, 25 қонақ үй орналасқан екен. Олардың iрiлерi: “Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек жолы”, “Алтын дала” сияқты нысандар, қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi екен. Қазақстанда бизнес орталықтары, театрлар, мұражайлар, көрме залдары, осы заманға сай ойын-сауық кешендері жеткілікті көрінеді.
Бізге ұнағаны Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» демалыс орны мен «Медеу» мұз айдынындағы аспалы жол болды.
Біз отбасымызбен бір шешімге келдік. Демалысымызды Қазақстанда өткіз+бек+піз.
Аудио тапсырмалар
1. Кезекті демалысты қашан алмақшы?
А) келер жылы
Ә) ертең
Б) бүгін
В) кеше
Г) келесі аптада
2. Сапар шегетін елді не арқылы тапты?
А) кітап
Ә) дүниежүзілік карта
Б) радио хабары
В) досынан сұрап
Г) теледидардағы бағдарлама
3. Оған қандай жерлер ерекше ұнады?
А) «Бәйтерек», «Қазақ елі»
Ә) “Жiбек жолы”, “Алтын дала”
Б) “Астана”, “Турист”, “Есiл”
В) «Шымбұлақ» демалыс орны, «Медеу» мұз айдыны
Г) «Тәуелсіздік» монументі
1. Сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз, + белгісін, «жоқ» деп жауап берсеңіз – белгісін қойыңыз. Если ответ утвердительный вставьте знак (+), если отрицательный вставьте (-).
Иә Жоқ
Кезекті демалысымды ертең алмақпын.
Алдын-ала отбасымызбен қай елге баратынымызды ойластырып қоймақпыз.
Әйелім Францияға бармақ ойын айтты
Үлкен қызым Анталияды таңдады.
Ал ұлым атақты Қытай қабырғасын тамашаламақшы.
Назарым бірден жер көлемі үлкен «Монғолия» деген мемлекетке түсті.
Кешке достарыммен алған кітабымды ашып қарадық.
Елінің бас қаласы Астанада 30 туристік фирма, 25 қонақ үй орналасқан екен.
2. Керекті сөзді қойыңыз. Вставьте подходящее слово.
1 Кезекті демалысымды келесі аптада ... .
2. Әйелім Анталияға ... ойын айтты.
3. 130-ға жуық әр ұлт өкілдері тұратын елге мән беріп ... .
4. Ұлым атақты Қытайды ... .
5. Мен қолымдағы дүниежүзілік картаны ашып, ... елді таңдай бастадым.
6. Астанада 30 туристік фирма, 25 ... орналасқан екен.
7. Менің отбасыма ұнағаны – «Шымбұлақ» ... болды.
алмақпын демалыс орны бармақ қонақ үй
сапар шегетін қарамақпын тамашаламақшы
Мәтінге тест тапсырмалары
1. Дұрыс нұсқасын белгілеңіз. Выберите правильный ответ.
Мәтін не туралы?
А) кітап
Ә) шетелге саяхат
Б) дүниежүзі картасы
В) қонақ үйлер
Г) туристік компаниялар
2. Қажетті сөзді жазыңыз.
Вставьте необходимое слово
... Анталияны таңдады.
А) Қызы
Ә) Әйелі
Б) Ұлы
В) Ағасы
Г) Өзі
3. Дұрыс нұсқасын белгілеңіз. Выберите правильный ответ.
Қай елге сапар шегуді жоспарлады?
А) Қытай
Ә) Италия
Б) Франция
В) Анталия
Г) Қазақстан
4. Сұраққа дұрыс жауап табыңыз. Выберите правильный ответ.
Неліктен Қазақстанды таңдады?
А) жай таңдай салды
Ә) мұнайға бай ел
Б) экономикасы тұрақты, көп ұлт тұрады
В) сауда жасауға ыңғайлы
Г) астық экспорттаудан алдыңғы үштікке енеді
5. Қажетті сөз тіркесін жазыңыз. Вставьте необходимое словосочетание.
Кітап дүкенінен ... деген үлкен иллюстрациялы кітапты сатып алдым.
А) «Қазақтың ұлттық киімдері»
Ә) «Қазақтың салт-дәстүрлері»
Б) «Саяхат және біз»
В) «Ұлттық тағамдар»
Г) «Қазақстан Республикасы»
6. Асты сызылған сөзге мағыналас сөзді жазыңыз. Напишите слово близкое по значению подчеркнотому.
Назарым бірден жер көлемі үлкен «Қазақстан» деген ... түсті
А) мемлекетке
Ә) отанға
Б) қалаға
В) ауданға
Г) атамекенге
7. «Музей» деген сөздің қазақша аудармасын көрсетіңіз.
Найдите перевод слова «музей».
А) саябақ
Ә) көрме
Б) дүкен
В) мұражай
Г) ойын-сауық
Тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте
- Сен жазғы демалысыңда не істемексің?
- Мен әлі ойланған жоқпын. Мүмкін балаларыммен Ыстықкөлге баратын шығармын. Жолдасым сол жақтан ғой. Өзің не істемек ойың бар?
- Мен жолдасыммен Англияға бармақ ойым бар.
- Неге Англия? Қазақстанда да қыдыратын жерлер көп қой.
- Ағылшын тілін үйрену үшін орта керек. Сол мақсат үшін бармақпыз.
- Жоспарларың тамаша. Қашан кетпексіңдер?
- Біз әлі ойланбақпыз. Егер жоспар өзгермесе келесі аптаның басында жолға жиналмақпыз.
- Билет алып қойдыңдар ма?
- Қазір әуежайға бармақ болып отырмын.
- Жарайды. Олай болса, жолдарың болсын!
- Рахмет! Демалысты сәтті өткізуге тілектеспін!
- Саған да соны тілеймін! Сау бол!
- Сау бол!
Диалогты тыңдап, сөздерді орын тәртібімен қойыңыз. Слушайте диалог, переставьте слова по порядку.
- жазғы істемексің Сен не демалысыңда?
- ...?
шығармын Ыстықкөлге балаларыммен Мүмкін баратын.
- ...
- Англияға жолдасыммен Мен ойым бармақ бар.
- ...
- қой қыдыратын да көп Қазақстанда жерлер.
- ...?
- Егер басында келесі жиналмақпыз.жоспар аптаның өзгермесе жолға
- ...
- алып Билет ма қойдыңдар?
- ...?
- отырмын Қазір болып бармақ әуежайға.