Menu
Мамандықтың қызмет ету саласы
Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттап алыңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.

өңірлік территориальный
зор қарқынмен даму интенсивное развитие
қоғамның барлық салалары все сферы общества
жұмысқа орналасу устроиться на работу
жалақысы жоғары высокая зарплата
жалпы планетарлық құбылыстар мен үрдістер общепланетарные явлений и процессы
ғаламдық глобальный
сұраныс потребность

Бүгінгі күні әлемде жаңа мамандықтар мен жұмыс түрлері көбеюде. Өйткені адамзат қоғамы, ғылым, оның ішінде, техникалық ғылымдар, ақпараттық технология зор қарқынмен даму үстінде. Қоғамның барлық салалары компьютерленді, және өндірістер де автоматтандырылды. Егер математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша білім алған болсаңыз, нарықтық экономиканың әр түрлі салаларына жұмысқа орналаса аласыз. Математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша білімі бар мамандар үшін жоғары оқу орындарынан, ғылыми-зерттеу институттарынан, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардан, қаржы-экономикалық мекемелерден жалақысы жоғары қызметтер табылады.
Қазіргі уақытта жалпы планетарлық құбылыстар мен үрдістер ғаламдық және өңірлік, экологиялық, геосаясаттық, демографиялық мәселелерге, энергетикалық шикізат, азық-түлік пен жалпы жер бетіндегі қоғамдық мәселелерге әсер етуде. Мысалы, соңғы жылдары түрлі елдерде табиғи катаклизмалар жиі орын алды. Сондықтан метеорология, климатология және гидрология мамандарына сұраныс жоғары.
Геоэкология саласы мамандары қоршаған ортаны бақылау және инспекция, ақпараттық экология және экологиялық аудит, табиғи қорларды сақтау, радиациялық экология, қолданбалы экология, табиғи және шаруашылық нысандар жайында экологиялық ақпараттарды жинау мен талдау, күрделі табиғи-антропогенді құбылыстарды компьютерлік модельдеу, табиғи және өндірістік нысандардың экологиялық жағдайын бағалау, бақылау және қоршаған ортаны ластанудан сақтау мекемелерінде жетекші мамандар бола алады.
Бүгінгі күні Қазақстанда жаңа сала – туризм индустриясын дамыту мемлекет тарапынан қолға алынып жатыр. Сол себепті осы жаңа салада ішкі туризм мамандары, халықаралық туризм мамандары, қонақ үй менеджменті, туристік мекемелер менеджменті мамандары тапшы. Сондықтан туризм мамандығы бойынша білімі бар тұлғалар біздің қоғамымызда үлкен сұранысқа ие деуге болады.

1. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» түрінде жауап беріңіз. Ответьте на вопросы утвердительно (иә) или отрицательно (жоқ).

1. Техникалық ғылымдардың, ақпараттық технологияның дамуы жаңа жұмыс түрлерінің көбеюіне себепкер болды.
Иә
Жоқ

2. Туризм индустриясы Қазақстанда бұрыннан жақсы дамыған.
Иә
Жоқ

3. Геоэкология саласы мамандары күрделі табиғи-антропогенді құбылыстарды компьютерлік модельдеу мекемелерінде жұмыс істейді.
Иә
Жоқ

4. Жалпы планетарлық құбылыстар мен үрдістер ғаламдық экология мен демографиялық жағдайға әсер етпейді.
Иә
Жоқ
5. Табиғи қорларды сақтау геоэкология саласы мамандарының құзырына енеді.
Иә
Жоқ
6. Метеорология, климатология және гидрология саласы мамандары туризм индустриясында қызмет етеді.
Иә
Жоқ
Мәтін бойынша тест тапсырмалары
1. Бүгінгі күні сөзінің синонимі -
А) осы кезде
Ә) келешекте
Б) дәл қазір
В) қазіргі уақытта
Г) бұрынғы уақытта

2. Көп нүктелердің орнына тиісті тіркесті белгілеңіз: Климатология мамандарына.............................
А) жоғары бағалау
Ә) қызметке алады
Б) туризм индустриясы маңызды
В) салалар компьютерленді
Г) сұраныс жоғары

3. Сұранысқа ие – Мағыналық жақындығы бар тіркесті белгілеңіз.
А) сұраныс төмен
Ә) сұраныс жоқ
Б) сұраныс бар
В) аса жоғары сұраныста
Г) тапшы

4. Мамандар тапшы. – Мағыналық жақындықтағы сөйлемді белгілеңіз.
А) мамандар көп
Ә) мамандар жоқ
Б) мамандар бар
В) мамандар керек
Г) мамандарға сұраныс жоқ

5. Сөйлемнің екінші бөлігін белгілеңіз.
Қонақ үй менеджменті қызметіне бос орынға ...............................
А) түйіндемелер керек.
Ә) мамандар тапшы.
Б) мамандарды жұмысқа алмаймыз.
В) конкурс жариялау керек.
Г) эколог мамандарды қабылдаймыз.

6. Сөйлемнің соңғы бөлігін белгілеңіз.
Оның жұмысқа қабылданғаны туралы ................................
А) бұйырды
Ә) конкурс жариялады
Б) бұйрық шықты
В) келісімшарт бар
Г) қысқартуға түсті

7. Сөйлемнің бастапқы бөлігін белгілеңіз. ................................ туралы өтініш жазды.
А) Кезекті еңбек демалысына
Ә) Жұмысқа қабылданғаны
Б) Жұмыстан кешіккеніне байланысты
В) Жұмыстан өз еркімен босату
Г) Конкурсқа қатысу үшін

Берілген сөйлемдерді тірек сөздерді қолданып, толықтырыңыздар.

1.... алдында арлы-берлі көп студенттер жүр. 2. Әділдің анасы “Қазақойл” ... бас
экономисі. 3. Әсел жазда “Тұран Әлем”... бас бухгалтері қызметін атқарды. 4.“Тау Самалы” демалыс үйі ... ... табиғаты тамаша жерінде орналасқан. 5.Алматыда жыл сайын өтетін “Қарқара” ... ел экономикасы үшін маңызы зор. 6. “Сырлы шаһар” көрмесі ежелгі ... ... 1500 жылдығына арналған.

Тірек сөздер: 1. Компания. 2.Институт. 3. Түркістан қаласы. 4. Банк. 5.Талғар ауданы. 6.Жәрмеңке.

Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. М.Әуезов кім? (жазушы, ғалым, қоғам қайраткері). 2. Абай кім? (жазушы, ғалым, ұстаз, ақын). 3. М.Әуезов пен Абайды не байланыстырады? (достық, өмірге көзқарас, ұстаз және шәкірт, ғылым, туыстық қатынас).

Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
1. Можно войти? 2. Можно спросить? 3. Разрешите сесть? 4. Разрешите сказать.
5. Разрешите писать? 6. Освоить язык. 7. Говорить по-казахски. 8. Идти в институт.

Диалогты толықтырыңыз.
1. - Сіздің әкеңіздің мамандығы кім?
-
- Апаңыздың мамандығы кім?
-
- Сіздің ағаңыздың мамандығы кім?
-
- Ол не істейді?
-
- Сіздің ата-әжеңіз не істейді?
-
- Қарындасыңыз (сіңіліңіз) нешінші сыныпта оқиды?

Көп нүктенің орнына жауабын жазыңыздар.
- Сіз неше жастасыз?
- ... .
- Әжеңіз бен атаңыз неше жаста?
- … .
- Сіздің ағаңыз неше жаста?
- ... .
- Әкеңіз неше жаста?
- ... .
- Апаңыз 45 жаста ма?
- ... .
- Қарындасыңыз алты жаста ма?
- ... .

Диалогтың сұрағын жазыңыздар.
- ... .
- Бұл менің досым.
- ... .
- Оның есімі Санат.
- ... .
- Санат болашақ аудармашы.
- ... .
- Танысып қой, Санаттың апасы Анна Алексейқызы.
- ... .
- Бұл кісімен де танысыңыз. Санаттың көкесі - Владимир Иванович.
- … .
- Бұл кісілер Рудныйдан келді.

21.09.2010 13:54 Казахский язык Артем 1960 6220 1
Олег   30.03.2011 14:59
Спасибо за материал, очень пригодился!
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход