Menu
Нақыл сөз (Афоризм)
Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Мысалы: ХХІ ғасыр – білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі (Н.Ә.Назарбаев), Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер (Абай).

1-жаттығу. Сөйлемнің екінші сыңарын табыңыз. Найдите вторую половину предложение.
1. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден .... (кімге?) (Ы. Алтынсарин).
2. Адам баласы жылап туады, кейіп ...(қайтеді?) (Абай).
3. Өнер-білім бар жұрттар, тастан ... (не?) салдырды(Ы. Алтынсарин).
4. Дүние – үлкен көл, ... (не?) - соққан жел(Абай).
5. Бірлігі мықтыны ... (не?) алмайды(Төле би).

замансарай
жау
балаға
кейіп өледі

ЖАУАБЫ:
1.Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға (Ы. Алтынсарин).
2. Адам баласы жылап туады, кейіп өледі (Абай).
3. Өнер-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды (Ы. Алтынсарин).
4. Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел (Абай).
5. Бірлігі мықтыны жау алмайды (Төле би).

2. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Вместо многоточие вставьте нужное слово.
1. Ақын бол, болма - өз ЕРКІҢ,
Ал азамат болу – ... (Н.Некрасов.).
2. Жамандықтың зоры – екіжүзділік, жағымпаздық ырқына жүру. Осынау сан құбылып тұратын жамандықты тани біл, оған ... (қандай?), ымырасыз адам бол (В.А.Сухомлинский).
3. Аузына келгенін айту – (кімнің?) ... ісі,
Алдына келгенін жеу – хайуанның ісі (Ә.Науаи).
4. ... (кімі?)жоқпен сырлас,
... (кімі?)көппен сыйлас (Абай).
5. Шын білім әрдайым, ... (қандай?)анық болатын білім (Әл-Фараби).
6. Әркімге ... – туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе (С.Мұқанов).

ақиқат туған тілі наданның досы төзбейтін міндетің

Грамматикалық тест тапсырмалары
1. Афоризмнің қазақша аудармасы. Перевод слова «афоризм»
А) идиома
Ә) мақал
Б) мәтел
В) нақыл сөз
Г) тұрақты тіркес

2. Қажетті сөзді қойыңыз.
Вставьте необходимое слово.
Жер бетінде адал адамнан ... ештеңе жоқ (Р.Роллан).
А) дәулетті
Ә) кедей
Б) қымбат
В) арзан
Г) қажетсіз

3. Қажетті сөзді қойыңыз.
Вставьте необходимое слова.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық ..., нұрлы ..., жылы ... (Абай).
А) күн ой үй
Ә) қайрат ақыл жүрек
Б) қан көз киім
В) нан күн шай
Г) құм ақыл қан

4. Қажетті сөзді қойыңыз.
Вставьте необходимое слово.
... – Қазақстан халықтарын біріктіретін негізгі фактор (Н.Ә. Назарбаев).
А) Ағылшын тілі
Ә) Орыс тілі
Б) Түрік тілі
В) Қытай тілі
Г) Мемлекеттік тіл

5. Өлеңнің авторын көрсетіңіз. Укажите автор стихотворение.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп түр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
А) Абай Құнанбаев
Ә) Жамбыл Жабаев
Б) Ыбырай Алтынсарин
В) С.Торайғыров
Г) М.Жұмабаев

6. Қажетті сөзді қойыңыз.
Вставьте необходимое слово.
Тілін білмеген –... білмейді (Ғ.Мүсірепов).
А) тарихын
Ә) дінін
Б) түбін
В) әдебиетін
Г) мәдениетін

7. Қажетті сөзді қойыңыз.
Вставьте необходимое слово.
Мейірімді болу оңай, ... болу – қиын (В.Гюго).
А) ел
Ә) адам
Б) әділ
В) опасыз
Г) мейірімсіз
Еліміздің болашағы – жастардың қолында.

Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттаңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.

конкурентноспособный бәсекеге қабілетті
движущая сила қозғаушы күші
консультанты кеңесшілері
«идти перед или уступай место другому» «алға қарай жүр немесе жол бер»
норма, правило қағида
руководствует басшылық етеді
жизненные позиции өмірлік ұстанымдар
показать себя өзін таныту
возможности мүмкіндіктер
старшая поколение ұға ұрпақ
энергичный, активный жігерлі
самоуверенный өзіне сенетін
полон мечты арманға бай
осуществить, претворить в жизнь жүзеге асыру
сила-воля ерік-жігері
тратить попусту рәсуә ету
преступление қылмыс
мошно қуатты
с огненным сердцем жалын жүректі
целеустремленным достоинством өршіл намысты
высокодуховный биік рухты

1. Тыңдаңыз. Қайталаңыз / Слушайте. Повторяйте

Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан күні ертең ғалым, белгілі бір маман иесі болатын жастар мұны жақсы түсінуі тиіс.
Кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді. Жетекші халықаралық консалтингтік «МакКинси» компаниясының кеңесшілері айтқандай: «Алға қарай жүр немесе жол бер». Қазіргі бәсекелі дүниеде нақ осы қағида басшылық етеді. Және бұл қағида көп ретте өмірлік ұстанымдарды анықтауы тиіс.
Бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ - бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс...», - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.
«Қазақстан» сөзі әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс. Ал оның жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады (175 сөз)
(Н.Ә.Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясы бойынша. Егемен Қазақстан, 27 мамыр, 2006 жыл.)

Аудио тапсырмалар
1.Мәтін кім туралы?
А) дарынды оқушылар
Ә) бәсекеге қабілетті жастар
Б) кәсіби ұстаздар
В) білікті дәрігерлер
Г) балабақшадағы балалар

2. «Алға қарай жүр немесе жол бер» деп кім айтқан?
А) америкалықтар
Ә) Бернард Шоу
Б) Н.Ә. Назарбаев
В) «МакКинси» компаниясының кеңесшілері
Г) қазақстандықтар

3. «Қазақстан» сөзі қай жерде қуатты естілуі тиіс?
А) Шығыста
Ә) Жапонияда
Б) Батыста
В) әлемдік аренада
Г) Қырғызстанда

Бағандардағы сөздерді мағыналық жағынан сәйкестендіріңіз. Свяжите второй столбец слов с первым, подходящие по смыслу.

1. білімді 1.алға қарай жүрмесе
2. дамымаса 2. ұстаным
3. қағида 3. сауатты
4. таныту 4. қиялдау
5. ұрпақ 5. босқа өткізу
6. армандау 6. көрсету
7. рәсуә ету 7. тер төгу
8. рухы 8. намысшыл
9. еңбек ету 9. еңсесі
10. өршіл 10. буын

Сөздерді орын тәртібімен орналастырыңыз. Соблюдая порядок слов расположите предложения.
1. бәсекеге білімді, адамдар сауатты, қабілетті
2. негізгі адамзат күші дамуының қозғаушы
3. жол қарай жүр алға бер немесе
4. өзін үшін таныту жастарға көп мүмкіндіктер өте
5. үшін жастар мемлекет жағдайды барлық отыр жасап

Лексикалық тест тапсырмалары.
1. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте необходимое слово.
... адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші.
А) Денсаулығы мықты
Ә) Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті
Б) Жалқау, еріншек
В) Өзіне-өзі сенімсіз
Г) Қарым-қатынас жасай алмайтын

2. Қажетті нұсқаны таңдаңыз. Выберите необходимый вариант.
Қазіргі бәсекелі дүниеде басшылық ететін қағида
А) «Қазақстан» сөзі әлемдік аренада қуатты естілуі тиіс
Ә) «Жастық шақ - бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс»
Б) «Алға қарай жүр немесе жол бер».
В) Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың уақыты.
Г) Таңертеңнен теледидар алдында жата бер, табыс өзі келеді.

3.Сөйлемнің жалғасын табыңыз. Дополните предложение.
Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті адамдар – ...
А) бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын
Ә) қағида көп ретте өмірлік ұстанымдарды анықтауы тиіс
Б) әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді
В) бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші
Г) сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады

4. Қажетті нұсқаны таңдаңыз. Выберите необходимый вариант.
Бернард Шоудың сөзі
А) «Алға қарай жүр немесе жол бер».
Ә) «Жастық шақ - бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс...»
Б) Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді.
В) Жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп.
Г) Кім дамымаса, өз орнын бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді

5. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте необходимое слово.
Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған ... жетуге болады.
А) ақшаға
Ә) табысқа
Б) ақылға
В) арманға
Г) намысқа

6. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте необходимое слово.
«Қазақстан» сөзі әлемдік аренада ... естілуі тиіс.
А) табысты
Ә) ақылды
Б) қуатты
В) ойлы
Г) өршіл

7. Қажетті сөзді қойыңыз. Вставьте необходимые слова.
Ал оның жастары ... жүректі, ... намысты, ... рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады.
А) ақылды жалын өршіл
Ә) жас қатал жоғары
Б) жалын өршіл биік
В) ойлы аса биік
Г) өршіл биік жалын

2. Тыңдаңыз, қайталаңыз. Слушайте, повторяйте.
-Арман, сен қайда оқисың?
- Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде.
- Қай факультетте оқисың?
- Экономика және Бизнес факультетінде.
- Арман, студенттер негізінен білім алу үшін оқи ма, әлде диплом алу үшін жүр ме?
- Ол не дегеніңіз, ата. Әрине «бес саусақ бірдей емес қой», мен білетін студенттердің барлығы нарық заманының ерекшелігін түсінген жастар. «Білімді болмасаң көштен қаласың» деп ойлайтындар.
- Оларың жөн екен. Жастардың өмірге көзқарасы тек ақшамен өлшенетін сияқты болып тұрады. «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда» деп ән айтатын көрінеді.
- Ой ата, сіз де айтпайтынды айтады екенсіз. Нарық заманында мәселенің көбі ақшаға тірелетіні рас қой. Елбасымыз өзінің лекциясында Артур Шопенгауэрдің үлкен дәулет пен билік адамды бақытты ете алмайды. Ондай адамдардың әрқайсысында да «өзіне тән қам-қарекеті мен мұқтаждары бар кедей жасырынып жатыр» деген сөзін келтірді емес пе.
- Елбасымыз көреген ғой. Ф. Бэкон деген ғұлама: «Білім – ел мен халыққа пайда әкелгенде ғана күш», деген екен. Алған біліміңнің халқыңа пайдасы тисін.
- Әумин! Айтқаныңыз келсін, ата!

Төмендегі берілген сөйлемді сұқбаттағы тәртіппен орналастырыңыз. Расположите предложения в соответствии с диалогом.
- Арман, студенттер негізінен білім алу үшін оқи ма, әлде диплом алу үшін жүр ме?
- Ол не дегеніңіз, ата. Әрине «бес саусақ бірдей емес қой», мен білетін студенттердің барлығы нарық заманының ерекшелігін түсінген жастар. «Білімді болмасаң көштен қаласың» деп ойлайтындар.

-Арман, сен қайда оқисың?
- Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде.

- Елбасымыз көреген ғой.
Ф. Бэкон деген ғұлама: «Білім – ел мен халыққа пайда әкелгенде ғана күш», деген екен. Алған біліміңнің халқыңа пайдасы тисін.
- Әумин! Айтқаныңыз келсін, ата!

- Оларың жөн екен. Жастардың өмірге көзқарасы тек ақшамен өлшенетін сияқты болып тұрады. «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда» деп ән айтатын көрінеді.
- Ой ата, сіз де айтпайтынды айтады екенсіз. Нарық заманында мәселенің көбі ақшаға тірелетіні рас қой. Елбасымыз өзінің лекциясында Артур Шопенгауэрдің үлкен дәулет пен билік адамды бақытты ете алмайды. Ондай адамдардың әрқайсысында да «өзіне тән қам-қарекеті мен мұқтаждары бар кедей жасырынып жатыр» деген сөзін келтірді емес пе.

21.09.2010 13:48 Казахский язык Артем 16672 24705 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход