Menu
Сын есімнің салыстырмалы шырайы
Грамматика. Сын есімнің салыстырмалы шырайы

Салыстырмалы шырай қандай-да бір белгінің, сапаның, қасиеттің дәрежесіндегі айырмашылықты білдіреді (Сравнительная степень обозначает различия в степени наличия того или иного признака, качества, свойства). Салыстырмалы шырай –ырақ,-ірек,-рақ,-рек, -лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу,-шыл,-шіл қосымшаларының көмегімен жасалады. Мысалы, үлкен – үлкенірек, кіші – кішілеу, көк – көкшіл т.б.
Салыстырмалы шырай келесі сөздермен тіркесте қолданылады: қарағанда, гөрі, менікінен, сенікінен, сіздікінен.... Мысалы, Біздің университетіміз сендердікіне қарағанда үйге жақындау. Біздің ғимарат сіздікінен үлкенірек. (Сравнительная степень употребляется в сочетании со словама как қарағанда, гөрі, менікінен, сенікінен, сіздікінен .... – чем того, чем моего. Например: Наш университет ближе к дому, чем ваше. Наше здание больше чем ваше).
Ескерту: -шыл,-шіл қосымшалары тек түр-түсті білдіретін ақ және көк сын есімдеріне ғана жалғанады

1. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымшаларды қойыңыз. Перенесите соответствующие аффиксы.
тар - тар........., тар..........; қызыл – қызыл.........., қызыл........; ақ – ағ......, ақ......., ақ .......; биік – биіг......, биік........; аласа – аласа....., аласа.....; ыстық – ыстығ ......., ыстық ......; жақсы –жақсы....., жақсы.......; нашар – нашар....., нашар......; әдемі - әдемі....., әдемі........

ырақ, ірек, рақ, рек, лау, леу, дау, деу, тау, теу, шыл, шіл

2. Бағаналардағы антонимдерді тауып, оларды бір-бірімен сызықтар арқылы қосыңыз.

Ағырақ кемдеу
Жақсылау қысқарақ
Ұзынырақ қаралау
Арзандау жамандау
Артықтау қымбаттау

3. Көп нүктелердің орнына тиісті сөздер мен тіркестерді қойыңыз (Вставьте вместо точек нужные слова и словосочетания).
Біздің бұрынғы үйіміз .......... жақсырақ. Қазіргі пәтеріміз ......... жылырақ. Көршіміздің үйі ...... кеңдеу. Қонақ бөлменің терезелері ........ үлкенірек. Жатын бөлмеміз .......... кішірек. Жеке үйлер ......... қымбатырақ.

пәтерлерден; бұрынғы пәтерімізден; жатын бөлменікіне қарағанда; біздікінен; қазіргі үйімізден; қонақ бөлмеден.

Грамматикалық тест тапсырмалары
1. Көп нүктелердің орнына тиісті салыстырмалы шырай қосымшасы: – Алыс.......
А) - шыл;
ә) -ырақ;
б) -рақ;
в) -ірек;
г) -лау

2. Ас үй кішірек қонақ қарағанда бөлмесіне ! Сөйлемнің дұрыс нұсқасы –
А) қонақ бөлмесіне ас үй кішірек;
ә) кішірек қонақ бөлмесіне қарағанда ас үй;
б) Ас үй қонақ бөлмесіне қарағанда кішірек;
в) қарағанда конақ бөлмесіне ас үй кішірек;
г) кішірек ас үй қонақ бөлмесіне қарағанда.

3. Нашарлау сөзінің антонимі –
А) жақсылау;
ә) нашар;
б) жақсы;
в) нашарырақ;
г) жаман.

4. Көп нүктелердің орнына тиісті салыстырмалы шырай қосымшасы: – Көк.......
А) -ырақ
ә) - шыл;
б) -шіл;
в) -ірек;
г) -лау

5. Қымбаттау сөзінің антонимі –
А) ыңғайлы
Ә) кеңдеу
Б) алысырақ
В) арзандау
Г) жақынырақ

6. Сөйлемді аяқтаңыз: Жеке үйлерге қарағанда ...........
А) ыңғайлы пәтерлер
Ә) біздікі кеңдеу
Б) олардыкі алысырақ
В) сіздердікі жақынырақ
Г) пәтерлер арзандау

7. Көп нүктелердің орнына тиісті салыстырмалы шырай қосымшасы: Ыңғайлы.......
А) -рақ;
ә) - рек;
б) -ырақ;
в) -ірек;
г) –дау

Жылжымайтын мүлік орталығы
Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттап алыңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.

жылжымайтын мүлік недвижимое имущество
сату бөлімі отдел продажа
кредитке рәсімдеу оформлять в кредит
жер телімдері земельные участки
қала орталығындағы пәтер квартира, находящиеся в центре города
қалаға жақынырақ ближе к городу
талапқа сәйкес соответствуют к требованиям
қаладан шеткерірек подальше от города
ие болыңыз приобретайте
тез таптың ба ? быстро ли нашел ?
адасқан жоқпын не заблудилась
ұзақ уақыт алу занимать долгое время
жеке үйлер частные дома
дәм тату угощаться
шу естілмейді шума не слышно

Бұл жылжымайтын мүлік орталығы. Мұнда пәтерлер мен үйлерді сату бөлімі және үйлерді кредитке рәсімдеу, ипотека бойынша сату бөлімдері бар. Осы бөлімдерден жылжымайтын мүліктер – жер телімдері, тұрғын үйлер, пәтерлер туралы толық ақпараттар алуға болады.
- Маған қала орталығынадағы я қала орталығына жақынырақ, жұмысыма да жақын, бағасы қымбаттау емес, тынышырақ жерден пәтер алу керек. Қазіргі пәтерім жұмысымнан алыстау, қаладан шетірек әрі қыста салқындау. Бөлмелері де тарлау, ас үйі қазіргі жаңа үйлердікінен кішірек. Терезелері де кіші, жарық аздау түседі. Бірақ қазіргі үйім балаларға ыңғайлырақ. Мектеп, емхана, балабақша пәтерімізге жақындау жерде.
- Біздің сату бөлімімізде қала орталығына жақындау жердегі жеке үйлер бар, ал жақсы пәтерлер қала орталығында бар. Мына пәтерлер барлық талапқа сәйкес: қала орталығында, сіздің жұмысыңызға жақынырақ, сіздің бұрынғы пәтеріңізден бөлмелері кеңірек, қыста бірқалыпты жылы, жазда салқындау, терезелері үлкендеу, жарық көбірек түседі, жеке үйлерден бағасы арзанырақ, жол бойында емес, көше шуынан алысырақ, - деді сату бөлімі қызметкері.
- Пәтеріңіз тамаша екен! Ойланайын!
- Жақсы! Тезірек пәтерге ие болыңыз!

1. Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» түрінде жауап беріңіз. Ответьте на вопросы утвердительно (иә) или отрицательно (жоқ).

1. Клиент жылжымайтын мүлік орталығында.
Иә
Жоқ
2. Клиент жаңа пәтер сатып алды.
Иә
Жоқ
3. Клиентке арзандау пәтер керек.
Иә
Жоқ
4. Клиентке бұрынғы пәтері ұнамайды.
Иә
Жоқ
5. Клиенттің бұрынғы пәтері балаларға ыңғайлы емес.
Иә
Жоқ

6. Сату бөліміндегі пәтер клиентке ұнады.
Иә
Жоқ
Мәтін бойынша тест тапсырмалары
1. Жұмысқа .............. жетіңіз. Көп нүктенің орнына тиісті сөз -
А) көлікте
Ә) жақынырақ
Б) тезірек
В) алысырақ
Г) ыңғайлы

2. Оның пәтері қандай? сұрағының жауабы -
А) пәтерім тарлау
Ә) пәтері тарлау
Б) пәтеріміз жақсы
В) жұмысымнан алысырақ
Г) пәтерлер қымбат

3. Кеңірек сөзінің антонимі –
А) тарлау
Ә) кеңдеу
Б) алысырақ
В) жақынырақ
Г) ыңғайлы

4. Менің жұмыс орным сенікіне ............. алысырақ. Көп нүктенің орнына тиісті сөз -
А) жұмысыңа
Ә) бізден
Б) жақынырақ
В) қарағанда
Г) ыңғайлы

5. Қазіргі пәтеріміз ....... жылырақ. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесі -
А) біздікінен
Ә) оған қарағанда
Б) сендердікі ыңғайлы
В) осы пәтерден
Г) бұрынғы пәтерімізден

6. Пәтерлер мен үйлерді сату бөлімі ....... Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесі-
А) үйге жақынырақ
Ә) қала орталығында
Б) бізден алысырақ
В) жылжымайтын мүлік орталығында
Г) ыңғайлы емес

7. Жылжымайтын мүліктер – бұлар ...... Көп нүктенің орнына тиісті сөздер мен сөз тіркесі-
А) Жер телімдері, тұрғын үйлер, пәтерлер
Ә) қала орталығы, ақша
Б) жеке үйлер, ақша, жеке көліктер
В) жаңа пәтер, кредитке рәсімдеу, жер телімі
Г) сату бөлімі, ипотекалық бөлім, ыңғайлы

2. Диалогты сәйкес сөйленістермен толықтырыңыз. Дополните диалог подходящими вопросительными предложениями.
- …………………
- Пәтерім үшінші қабатта.
- …………………
- Пәтерім жұмысымнан алыстау.
- …………………
- Көлікпен он бес минутта тезірек жетуге болады.
- ...................................
- Қыста салқындау.
- …………………
- Иә, жазда ыстық.
- …………………
- Мектеп үйге жақындау жерде, ал емхана алыс.

Мектеп үйден алыс па? Жұмысқа жету ұзақ уақыт ала ма? Қыста жылы ма? Жұмысыңызға жақын ба? Жазда ыстық шығар? Пәтеріңіз қай қабатта?

Диалогты тыңдап, сөйлемдерді орын тәртібімен қойыңыз. Слушайте диалог, переставьте предложения по порядку.

- Рақмет! Пәтеріміз осы! Бөлмелері көп әрі кең, жарық, бастысы, орталықта. Мынау – жатын бөлмелері. Жатын бөлмелерінің терезелері көше жақта емес, көше шуы естілмейді. Қонақ бөлмесі жатын бөлмелерден кеңірек.
- Сәлеметсің бе, Айша!
- Охо! Пәтерлерің қандай тамаша! Енді ішінде той көп болсын!
- Сәлем, Сая! Үйді тез таптың ба?
- Менің пәтерім орталықтан алысырақ. Бірақ тыныштау жерде, көше шуы азырақ. Бөлмелері көп емес. Жатын бөлмесі де, қонақ бөлмесі де сендердікінен кішірек. Ал ас үйі кеңдеу. Бәрінен жұмыс кабинетім жақсы. Кітап сөрелері көп. Балконы кеңдеу. Жұмыс кабинетімнің терезелерінде көкшіл жалюзи. Ыстықта жақсы көлеңке.
- Рақмет, Сая! Өзіңнің пәтерің қай жерде?
- Иә, иә! Дәм татайық.
- Адасқан жоқпын. Пәтерің құтты болсын, Айша!
Дұрыс екен! Маған ақшыл жалюзилер ұнайды. Жарайды, дастархан басына барайық.

21.09.2010 14:02 Казахский язык Артем 4795 34739 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход