Menu
Лексиканың стильдiк ерекшелiктерi
Қоғамдағы адамдардың еңбек процесінде өзара түсінісіп, пікір алысуының еңбекті ұйымдастыруда, еңбек өнімін арттыруда ерекше маңызы бар. Белгілі тілдің сөздік құрамына енетін, сол: тілде қолданылатын сөз байлырын, халық қазынасын іріктеп ұстаудың, дұрыс пайдаланудың жазу, сөйлеу тілінде ерекше зор маңызы бар.
Қазақ тілінің сөз байлығын сарқа пайдаланған ақын, жазушы жоқ және қазақ тіліндегі сөздер толық жиналып, әр сөздің мағыналары есепке алынатын түсіндірмелі сөздік толық жасалған жоқ. Сөйте тұрса да, тілдегі бар сөздерді әркім өзінің керегінше, өзінің білгенінше пайдаланады.
Белгілі идеяны, пікірді білдіру үшін жалпы халықтық тілдің сөз байлығындағы сөздерді шығарманың түріне сәйкестеп іріктеп, екшеп, талғап пайдаланудан туатын лексикалық ерекшеліктерді стильдік ерекшеліктер дейді.
Жазба әдеби тілдің стилі ауызша сөйлеу тілден белгілі дәрежеде ерекше болып келеді. Ауызша сөйлеу тілде қолданылатын жеке сөздер мен сөйлемшелерді жазба әдеби тілде қолдануға болмайды. Мысалы: нан же, тағы бір acan жібер, төрге шық, оттама (сөйлеме) т. т.
Көркем шығарманың тілі ғылыми шығармалардан ерекше болып келеді. Көркем шығармада қолданылатын сөздер, көбіне, сөздің ауыс мағынасында ұсталып, әрбір сөздің мағынасы белгілі контексте ғана тиянақтальга отырады. Абай Құнанбаев «Қар жауып, күн суытып, қыс түсті» деудің орнына «Қыс» деген өлеңінде:
Ак, киімді, денелі, ак, сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы — үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң — қыс келіп,әлек салды,— деп суреттейді.
Ғылыми шығармалардың тілі, ондағы қолданылатын жеке сөздер өзінің дәл нақты мағыналарында ғана қолданылады. Ғылым тілінің стилі бейнелеу, әсірелеу скяқты көркемдік тәсілдерді қолдануды көтермейді. Ғылымдағы берілетін анықтамалар мен ережелер әрі қысқа, әрі әрбір сөзі дәл түсінікті болу керек.
15.07.2010 08:57 Казахский язык Артем 1842 9680 1
Zhamilay   16.02.2011 15:17
stildin tyrlerin kalai taby kerek?! angry
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход