Х ғасырда Бұхара Мауераннахрдың саяси орталығы болып саналған. Барлық шығыс елдерінен қайраткерлер келетіндіктен, бұл қалада ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер кеңінен дамыған.
Ибн-Синаның әкесі қаладағы атақты адамдардың бірі болған. Оның екі ұлы бар еді: Хусейн (Ибн-Сина) және Махмуд. 968 жылы Бұқараға көшкеннен кейін Хусейнді оқуға береді. Бұл кезде есейе түскен ол математиканы игере бастайды. Хусейннің қабілетін байқаған ұстаздары әкесінен ұлыңыз оқудан қол үзбесін деп өтінеді. 15-16 жасар Ибн-Сина сол уақыттағы барлық ғылым негіздерін меңгереді. Оның философиялық көзқарасының қалыптасуына Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері әсер етеді. Жаратылыстану ғылымын, логиканы, математиканы және философия мен теологияны жете түсінген Ибн-Сина медицинаны да оқып-біліп, іс жүзінде айналыса бастайды.
17-18 жасында-ақ Ибн-Сина кемеліне келген ғалым ретінде қалыптасады. Жас та болса өзін толық танытқан талант математикадан басқа ғылымдар жөнінде “Китаб ал-Ман Әжму” немесе “Әл-Арузия” деген еңбектер жазады. Артынша этика туралы “Ал-бир уа-л исм” және философияға қатысты “Әл-Хасил уа-л Махсул” деген еңбек жазады. Ибн-Сина Хорезмнің астанасы Гурганжда тұрғанда “Мамуни Академиясы” ғалымдарының небір саңлақтары оны өз тобына қосып, құшақ жая қарсы алады. Гурганжда оның “Дәрігерлік ғылым қағидалары”, “Логика кітабы”, “Аралау мен оралу”, “Жалпы бақылау кітаптары” деген еңбектері жазылады.
Исфахан дәуірі (1023-1037) Ибн-Синаның өмірінде елеулі орын алады. Мұнда ол “Сауығу” және “Дәрігерлік ғылым қағидалары” еңбектерін аяқтайды. Астрономия саласына да баса назар аударады. Сондай-ақ логика, математика, физика, поэтика, музыка мәселелерімен де айналысады. Оның жан-жақты білімдарлығы ғылымның барлық саласын қамтып жатты.
Исфаханда Ибн-Синаның Ала-ад-Даулге арналған “Даниш-Намэ” деген философиялық энциклопедиясы дүниеге келеді. Мұны өзінің ұлттық тәжік тілінде жазады.
Ибн-Сина бүкіл адамзатқа үлкен байлық қалдырды. Оның 456 шығармасының ішінде 18 томдық “Нұсқау мен ереже” деген соңғы еңбегі шығыс философиясына қатысты болса керек. 40-қа жуық жұмыстары медицинаға арналған. Әсіресе “Дәрігерлік ғылым қағидалары”, “Жүрек дауасы”, “Тамыр ұстау” сияқты құнды дүниелерінің маңызы зор.
1 15.10.2010 16:48 1) Ибн-Синаны энциклопедист ғалым деуге бола ма?
2) Ғалымның дәрігерлік қағидаларына көзқарасыңыз қандай? 3) Оның дәрігерлік ақыл-кеңестерінің маңызы мен өзектілігі қандай? 4) Орта ғасырдағы Шығыстың данышпан ғалымдарының жан-жақты білімдар болып қалыптасуына не әсер етті деп ойлайсыздар? |
1 15.10.2010 16:48 Тоғыз құдірет бар сенде бас иетін
Бесеуі оның сезімдік қасиетің Қан тамырың соғатын өмір үшін Бұлшық етің боршалы жігер күшің Күш бар тағы көп ойдың сан суретін, Көз алдыңа айнадай көрсететін Күш бар тағы ақылды алға бастайтын Жақсы ісіңді есте мәңгі сақтайтын. Тамақ жемей тұра алмассың жалғанда Ас адамның арқауы ғой қашанда Тата алмасаң керек нәрін әрненің, Азып-тозып, азаяды дәрменің Не жетеді тәуір тамақ жегенге Қан тазарып, әл кіреді денеңе. Тіршілікте тең келмес оған бәрі, Өзен суы, ауыз су - өмір нәрі. Дүниедегі құм-қоқысты қуады, Қан тамырға жайылады құнары. |
1 15.10.2010 16:47 Ибн-Сина свои поэмы и стихи посвящал, в основном, проблемам здоровья человека. Какую бы проблему он не рассматривал, на первый план у него выходит человек. Его трудами по многим отраслям науки и по сей день пользуются ученые мира. Великая историческая заслуга Ибн-Сины заключается в том, что ученый подверг широкому обсуждению ряд проблем, которые в античной философии только были намечены. Поставил и проанализировал вопросы, продиктованные уровнем развития науки и общества, а также духом времени, обогатил философию и другие науки многими идеями и открытиями. Ибн-Сина уделял внимание доказательству изначальности и вечности материи.
Главным в философии Ибн-Сины наряду с доказательством изначальности и вечности мира, является обоснование извечности и объективности движения, пространства и времени. Анализируя проблему сущности материи Ибн-Сина дополняет и исправляет Аристотеля, так, он последовательно обосновывает идею об объективном характере движения, пространства и времени. Особенно велик вклад Ибн-Сины в медицину. Историческая заслуга его в том, что он, объединив достижения античной и средневековой медицины, создал научную диагностику и теорию лечения. В “Каноне врачебной науки” содержится масса оригинальных предложений и идей, большое внимание уделено вопросам профилактики заболеваний. Особое значение ученый придавал зарядке, составу питания, режиму отдыха. Ибн-Сина оказал огромное влияние на развитие медицины в мире. |
1 15.10.2010 16:47 1) Ибн-Сина туралы не білесіз?
2) Ибн-Сина ғылымның қандай салаларын меңгерген? 3) Ол – қай елдің азаматы? |