Әлихан 1870 жылы бұрынғы Семей облысының Қаркаралы уезінде туған. 1879-1886 жылдар аралығында Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыған. 1883 жылы Омбыдағы төрт жылдық техникалық училищеге түседі. Училищені өзінің ерен қабілетінің арқасында оқып бітіріп, таудай талабымен Санкт-Петербургтегі орман институтына түседі.
Студент кезінен бастап, көбінесе, саяси әдебиетті оқып-үйренуге зейіні ауады. Студенттік толқуларға да белсене қатысады. Өзінің зеректігі сонша, жас кезінде-ақ Ресей империясының сол уақыттағы саяси және әлеуметтік жағдайын көкірегіне тоқи бастады. Сол арқылы өз халқының екі жақты езгіде отырған хал-күйін де сезіп, одан қалай құтылудың жолдарын іздейді. «Қайранда қалған халқыма қалай көмек берем, ол үшін қандай жолды таңдау керек?!» деген азапты ойлар оның жанын жегідей жейді.
Студенттік кезден бастап, оның аты-жөні жандармдардың «қара» тізіміне ілінді. Осыдан соң –ақ оның ізіне түсіп, аңду басталды. Институтты бітіргеннен кейін Әлихан Бөкейхан Омбыға оралды. Мұнда ол Ф.Л.Щербиннің экспедициясына қатысып, оңтүстік-батыс Сібірде зерттеу жүргізеді. Бұл үкіметтік саясатпен ұйымдастырылған экспедицияның мақсаты – орталық Ресей аймағындағы шаруаларды Сібірге көшіріп, орналастыру еді.
Әлихан ғана емес, сол кездегі саяси сауатты, озық ойлы зиялылар қауымының өкілдерінің бәрі де Ресей империясының бұл шовинистік пасық пиғылы аз халықтардың тілі мен мәдениетін жоюға апарып соқтыратынын сезіп, түсіне бастады.
1917 жылы Орынборда өткен жалпы қазақтың бірінші сьезінде Алаш партиясы құрылды. Бұл қазақ тарихындағы ең алғашқы саяси партия болды. 1917 жылғы ақпан төңкерісін ұлттық зиялы қауымы демократиялық жаңару деп ұғып, уақытша үкіметке жан-жақты қолдау көрсетті. Осы жылы облыстар мен уездерде қазақ комитеттері құрылды.
Осы саяси партия мен қазақ комитетін құрып, ұйымдастыру ісіне басшылық жасаған Әлихан Бөкейхан. Ол сонымен қатар Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы комиссары әрі Түркістан комитетінің мүшесі болды.
1917 жылғы желтоқсанда екінші жалпықазақтық сьезд өтті. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Оның өкілі болып, Әлихан Бөкейхан сайланды. Осы сьезд демократиялық Ресей Федеративтік Республикасының құрамында Алаш автономиясын құру жөнінде шешім қабылдады.Осылай өрбіген оқиғаның өзінен-ақ қазақ мемлекетін қайта құруға ниеттелген ақ жолды аңғаруға болады. Осы үлкен ақ жолдың басында Әлихан Бөкейхан тұрды. Сан-салалы ғалым, терең ойшыл Әлихан Бөкейхан ағартушылық рухты көкседі, ал осы оқу-білім жолында өз халқына өлшеусіз еңбек те сіңірді.
Арман 28.02.2011 22:06 2000 жылгылар алга
|
Отан 15.10.2010 16:55 1. Ә.Бөкейхан жастайынан зеректігімен көзге түсті.
2. Ресей империясының шовинистік пиғылы. 3. Ұлт зиялылары Уақытша Үкіметті қолдады. 4. 1917 жылы екінші жалпыхалықтық сьезд өтті. |
Отан 15.10.2010 16:54 1) Ә.Бөкейханның жас күнінен-ақ саясатқа зейіні ауды.
а) көңіл ә) көз б) ой 2) Өзінің зеректігінің арқасында ол халқының екі жақты езгіде болғанын жете түсінеді. 3) Ресей империясының шовинистік пиғылының неге әкеліп соғатынын Әлихан Бөкейхан жақсы сезді. 4) Оқиғаның осылайша өрбуі Алаш қайраткерлерінің ниетін аңғартады. 5) Ә.Бөкейхан студенттік толқуларға қатысты. 6) Оқиға осылайша өрбіді. 7) Қазақ халқы екі жақты езгіде болды. |
Отан 15.10.2010 16:53 1) Алаш, Алашорда туралы не білесіз?
2) Қандай Алаш ардақтыларын білесіз? 3) «Алаш» партиясының мақсаты не еді? |