Menu
Қытайдың ұлттық мерекелерi
Қытайлықтар мыңдаған жылдар бойы ай күнтізбесін пайдаланып келді, Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін ғана христиандық жыл санау, яғни күн күнтізбесі енгізілген. Сол уақыттан бері Қытайда 1 қаңтарда – Жаңа жыл, 8 наурызда – Халықаралық әйелдер күні, 1 мамырда – Халықаралық еңбек күні, 4 мамырда – жастар мерекесі, 1 маусымда – Халықаралық балалар күні (балалар үшін демалыс күні), 1 шілдеде – Қытай Коммунистік партиясының құрылған күні, 1 тамызда – Қытайдың халықаралық азаттық әскерінің құрылған күні, 1 қазанда – Қытай Халық Республикасының құрылған күні тойланады. Ресми мемлекеттік мерекелермен қатар Қытайдың көптеген аудандарында, көптеген этникалық топтар арасында өздерінің жергілікті мерекелері аталып өтіледі.

Қытай жаңа жылы. 12 қаңтар мен 19 ақпан аралығы қытай күнтізбесінде аса маңызды күндердің бірі болып саналады. Осы уақыт жыл басындағы жаңа туған айға сәйкес келеді. Грегориан күнтізбесі енгізілгеннен кейін бұл мерекені батыстық жаңа жылдан ажырату үшін “Көктем мерекесі” деп атайтын болды. Бұл мерекеде адамдар егін бітік шықсын деп, бір-біріне ізгі тілектер айтып, сыйлық тарту етеді. Қытайлықтар бұл мерекені отбасымен бірге тойлайды, бір-біріне қонаққа барады, мол дастарқан жаяды. Балаларға жолы болсын деп, кішкентай қызыл конвертке салынған ақша ұсынады. Сондай-ақ қытайлықтар аспанға көтеріліп, жақындарының рухына қосылсын деген оймен өздері бейнеленген суреттеріне күйе жағып өртейді. Туыстарына тек жылы сөздер айтсын деген ниетпен еріндеріне бал жағып, бір-біріне әр түрлі тәтті тағамдар ұсынады. Қытайда отбасы құдайы мен есіктер құдайы ерекше құрметке ие. Үйге әбілеттер кіріп кетпеу үшін, есіктің сыртына екі әскердің суретін іліп қояды, олардың қаһарлы түрі жындарды шошытады деп сенеді. Ал көшеде дәстүрлі арыстан биін билейді.

Қайық - айдаһарлар мерекесі. Ай күнтізбесі бесінші айының бесінші күнінде өте көне мереке тойланады. Бұл күні бамбук жапырақтарына оралған, күріштен жасалған кішкене пирамидалар жеу керек. Балалардың мойнына іші жусанмен толтырылған, арыстанның суреті бейнеленген түрлі-түсті тұмарлар тағылады. Олар әбілеттерді қуып, жолын ашады. Айдаһармен әшекейленген қайықтар жарысы ұйымдастырылады.

Ай немесе егін мерекесі. Сегізінші айдың он бесінші түнінде (қыркүйек) аталып өтілетін бұл мереке Тан династиясы дәуірінде өмірге келген және қытай күнтізбесінде аса маңызды орын алады. Бұл – Ай құдайына табынатын күн. Дәстүр бойынша, бұл күні қытайлықтар ерекше тәтті тоқаштар жейді және айдың жарығымен өлең оқиды. “Ай шелпектері” қытай халқының монғол шапқыншылығына қарсы көтерілісін еске түсіреді, өйткені бірнеше ғасыр бұрын осындай тоқаштардың ішіне салынған кіші-гірім хаттар бүліншілікке және басқыншыларға бойсұнбауға шақырған. Бұл күні ғашықтар құдайлардан өздерін ай сияқты бір бүтінге айналдырып қосуын сұрайды. Барлық жерде кішкентай түрлі-түсті шамдар сатылады: кешке қарай қала саябақтары мен егіс далаларында ата-аналар балаларымен бірге оларды жағады.

Конфуцийдің туған күні. Көне философ қытай өркениетінің дүниетанымына аса зор ықпал етті. Конфуцийлік әдеп бес ізгілікке: мейірімділік, әділеттілік, туралық, парасаттылық және адалдыққа негізделген өзін-өзі тәрбиелеуге шақырады. Конфуцийшілдік көптеген ғасырлар бойы мемлекеттік идеологияның негізі болып келді және соңғы кезде жоғалтқан құндылықтарын қайта жаңғыртып жатыр.

14.10.2010 23:22 Қазақ тілі Артем 7561 6
Отан   15.10.2010 17:01
Китайцы отмечают праздник фонарей со времен династии Хань. Он приходится на 15-й день нового года, в середине или конце февраля и завершает празднование Нового года. По всей стране зажигаются миллионы фонариков, которые, по преданию, провожают в другой мир души предков, спустившиеся на землю к своим близким для празднования Нового года. В современном Китае этот праздник отмечается как день святого Валентина.
Отан   15.10.2010 17:00
1. Қытайлықтар мыңдаған жылдар бойы ай күнтізбесін пайдаланып келді.
2. Ресми мемлекеттік мерекелермен қатар Қытайда жергілікті мерекелер де бар.
3. Сондай-ақ қытайлықтар аспанға көтеріліп, жақындарының рухына қосылсын деген оймен өздері бейнеленген суреттеріне күйе жағып өртейді.
4. Балалардың мойнына іші жусанмен толтырылған арыстанның суреті бейнеленген түрлі-түсті тұмарлар тағылады.
5. Дәстүр бойынша, бұл күні қытайлықтар ерекше тәтті тоқаштар жейді және айдың жарығымен өлең оқиды.
6. Конфуцийлік әдеп бес ізгілікке: мейірімділік, әділеттілік, туралық, парасаттылық және адалдыққа негізделген өзін-өзі тәрбиелеуге шақырады.
Отан   15.10.2010 16:59
1) Қытай мен Қазақстанға ортақ мерекелерді атаңыз.
2) Қытай мен Қазақстанға тән қандай ұқсас мерекелерді білесіз?
3) Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңыз.
4) Қытайдың қай мерекесі сізге ұнайды?
Отан   15.10.2010 16:59
1) Қытайда бірнеше ресми мереке тойланады.
2) Қытайда да жаңа жылды «Көктем мерекесі»деп атайды.
3) Ай күнтізбесі бесінші айының бесінші күнінде көне мереке тойланады.
4) Тан династиясы тұсында бір мереке өмірге келген.
5) Конфуцийдің туған күніне қытайлықтар ерекше мән береді.
Отан   15.10.2010 16:59
1) Қытайлықтар мыңдаған жылдар бойы ай күнтізбесін қолданып келді.
а) зат есім ә) сын есім б) етістік

2) 1 мамыр – Қытайдың ресми мерекелерінің бірі.
а) үстеу ә) есімдік б) сын есім

3) Балалардың жолы болсын деп, оларға ақша ұсынады.
а) өткен шақ ә) 3 жақ б) 1 жақ

4) Үйге әбілеттер кірмеу үшін есіктің сыртына әскердің суретін іліп қояды.
а) жекеше түрі ә) ілік септік б) көпше түрі

5) Қайық мерекесінде қытайлықтар іші жусанмен толтырылған тұмарлар тағады.
а) атау септік ә) көмектес септік б) жатыс септік

6) «Ай шелпектері» монғол шапқыншылығы кезінде халықты бүліншілікке шақырған.
а) зат есім ә) етістік б) сын есім

7) Конфуцийлік әдеп бес түрлі ізгілікке негізделген.
а) жекеше түрі ә) көпше түрі б) табыс септік

8) Конфуцийшілдік жоғалған құндылықтарды қайта жаңғыртып жатыр.
а) келер шақ ә) осы шақ б) өткен

Отан   15.10.2010 16:58
1) Қандай халықаралық мерекелерді білесіз?
2) Қазақстандық қандай мерекелерді білесіз?
3) Сізге қай мереке ұнайды?
4) Қытайға тән қандай мерекелерді білесіз?
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход