Menu
Кун-цзы, Құң-фу-цзы
Кун-цзы, Құң-фу-цзы – ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы. Кедейленген ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген. Біздің заманымызға дейінгі ХІ-ІІІ ғасырларда болған осы көне мемлекет ежелгі дәуірдегі Қытай тарихы мен мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарғанымен, VІ-V ғасырдан бастап құлдырау кезеңін бастан кеше бастаған. Сондай шақта өз отанында өмір сүрген Конфуций өзіне дейін өркен жайған философ ойшылдарын оқып-тоқып өсті. 22 жасында жеке мектеп ашып, бала оқыта бастады. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы атанды. Халық оны сүйіспеншілікпен Құң ұстаз деп атады. Конфуцийдің мектебінде 4 пән – (мораль), тіл, саясат және әдебиет оқытылды. 50 жасынан саяси қызметке араласып, Лу патшалығынан басқа да мемлекеттерді аралайды. 484 ж. бастап өмірінің соңына дейін ұстаздықпен және көне даналық аспаптарды жинап, өңдеп, таратумен шұғылданған. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін б.з.б. 136 ж. мемлекеттік идеологияға айналған шақта ол “он мың ұрпақтың ұстазы” деп жарияланды. Конфуций ілімі адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл бөлді. Оның саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы. Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен орны жоғары адамдарға сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа негізделген этикалық және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді. Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдық максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Нашар мінез бен келеңсіз әдетті өзгертудің ең жақсы құралы ретінде музыкаға (юе) зор мән берді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам тұжырымдамасын жасады (цзюнь, цзы). Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ.

Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс. Ата-анасына, жалпы қарт адамдарға айрықша ілтипатпен қарым-қатынас жасау ләзім. “Бүкіл өмірің бойы басшылыққа алуға тұратын” сөз бар ма?” – деген сұраққа орай, Конфуций бар, ол сөз – мейірімділік” деп жауап берген. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы мен тәртібінің іргетасы іспеттес қолданылуда.

14.10.2010 23:23 Қазақ тілі Артем 4632 3
Отан   15.10.2010 17:04
1) Конфуций іліміне көзқарасыңыз қандай?
2) Конфуцийдің “нашар мінезді өзгертудің ең жақсы құралы – музыка” деген тұжырымымен келісесіз бе? Өз пікіріңізді білдіріңіз.
3) Сіздің ойыңызша, адамның асылдығы оның шыққан тегіне байланысты ма, әлде тәрбиесіне ме?
4) Сіз өзіңізді-өзіңіз жетілдіріп отырасыз ба?
5) Сіздіңше, тамаша адам қалай қалыптасады?
Отан   15.10.2010 17:04
1) Құң-фу-цзы – ежелгі ойшылы Қытай философ, тарихшы, қайраткері мемлекет.
2) Өткізген көп бөлігін өмірінің Лу патшалығында.
3) Жеке мектеп 22 жасында оқыта ашып бала бастады.
4) Мектебінде Конфуцийдің оқытылды ақлақ (мораль), тіл, саясат .
5) Деп жарияланды Конфуций ілімі ол кейін қайтыс болғаннан “он мың ұрпақтың ұстазы” .
6) Конфуцийді деп атайды ұлы моралист өйткені ол өзінің доктринасын саяси-әлеуметтік негіздеді моральдық максимумдарға .
7) Зор мән берді музыкаға ретінде ең жақсы құралы нашар мінезді өзгертудің.
8) Бойынша Конфуций, асылдығы адамның емес тегіне шыққан, байланысты тәрбиесіне.
9) Тамаша адам қалыптасады өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде.
10) Деді Конфуций: “Бүкіл бойы өмірің басшылыққа алуға тұратын сөз, мейірімділік – ол ”, - деді.
Отан   15.10.2010 17:03
1) Әлемге әйгілі қандай пәлсапашыларды білесіз?
2) Конфуций туралы не білесіз?
3) Конфуцийшілдік деген ұғымды қалай түсінесіз?
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход