Menu
Мұстафа Шокай
Түрік халықтарының саяси санасын 1) М.Шоқай түрік халықтарының саяси (зердесін) оятуда үлкен еңбек сіңірген. 2) Түрік қағидаларын (насихаттаушы) және түрікшілдік (мақсатына) зор (ықыласпен) қараған М.Шоқай түрікшілдік туын жоғары ұстады. 3) М.Шоқай Түркістан автономиясын «Түркістан ұлт-азаттық (қимылдың)» (қайнар көзі) деп бағалаған. 4) Мұстафаның негізгі мақсаты: Ресей топырағында тұратын (бүкіл) түрік ұрпақтарын біріктіру. 5) М.Шоқайдың Түркістан ұлттық (азаттығы) жолындағы түрікшілдік идеясы «Жаңа Түркістан» журналында жарияланып отырған.

оятуда зор роль атқарған, үлкен еңбек сіңірген түрікшілдік идеясының басты қолдаушысы болған М.Шоқай еді. Түрік қағидаларын уағыздаушы және түрікшілдік мұратына зор ілтипатпен қараған М.Шоқай түрікшілдік туын жоғары ұстады. Мұстафаның негізгі мақсаты: Ресей топырағында тұратын күллі түрік ұрпақтарын біріктіру, «Үлкен Түркістан» одағын құру болды. 1916 жылы Петербург университетін бітірген М.Шоқай Қазан қаласына келіп, «Түркістан бірлестігі» деп аталатын құпия ұйым ашады. Россияның Мемлекеттік Думасында Мұсылман саяси Бюросының мүшесі болып, Түркістан халықтарының мақсат-мүддесін қорғаған бірінші адам – Мұстафа Шоқай еді. 1917 ж. көктемінде құрылған Түркістан Мұсылмандары орталық кеңесіне М.Шоқай төраға болып сайланады. 1917ж. 13желтоқсанда Алашорда Ұлттық үкіметінің мүшесі болып сайланады. Екі ай ғана өмір сүргеннен соң Кеңестер талқандаған Түркістан автономиясын М.Шоқай «Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының бастау көзі» деп бағалаған. Большевиктер М.Шоқайды қолға түскен жерінде өлтіру туралы бұйрық алды. Өзіне төнген өлім қаупіне қарамастан Ташкентте жасырын жүріп, одан кейін Бакуде, Тбилисиде жұмысын жалғастырады. 1921 жылы Францияға өтіп ондағы Ножансюр – Марн қаласына орналасады. М.Шоқай шығармашылықпен айналысқан адам болғандықтан, табиғи заңдылық бойынша, оның жүрегін, көкірегін кернеген ойлары баспасөз арқылы жарыққа шығып отырған. М.Шоқайдың Еуропаға кеткендегі мақсаты – Ресейдің Учредительное собраниесінің мүшелерінен құралған делегациямен бірге арнайы тапсырмамен Түркістан үшін күресті жалғастыру еді.

М. Шоқай Парижде жүріп, сырттай университетте оқиды. Үлкен түркологтардың қатарына қосылып, қазақ тілінде он шақты оқу құралын жазады.

М.Шоқайдың Түркістан ұлттық тәуелсіздігі жолындағы түрікшілдік идеясы 1927-31 жылдары Стамбулда шыға бастаған «Жаңа Түркістан»журналында, кейіннен 1928-39 жылдар аралығында үзіліссіз шығып тұрған «Жас Түркістан» журналында жарияланып отырған.

Оның «Түркістан жастарына» үндеуі – түрікшілдік қозғалыстың ұранына айналды.

Ол былай деп өнегелі сөз қалдырды: «Бостандық, теңдік, бауырластық деген ұрандар дүниеге XVIII ғасырда пайда болды. Оларды жалындата жар салған Францияның саяси қайраткерлері. Осы ізгілікті іздегендер қараса біздің Құраннан, Інжілден, Будда ілімінен, Лев Николаевич Толстойдың философиясынан да таба алады. Шын мәніндегі шынайы бақыт пен махаббатқа деген жол соларда. Басқа жол жоқ. Бұл жолдан тайғандар жауыздыққа тап болумен пара-пар».

14.10.2010 23:17 Қазақ тілі Артем 5851 2
Отан   15.10.2010 16:51
1) М.Шоқайдың негізгі мақсаты - «Үлкен Түркістан» одағын құру болды.
2) Большевиктер М.Шоқайды өлтіру туралы арнайы бұйрық шығарған.
3) М.Шоқай шығармашылықпен айналысты.
Отан   15.10.2010 16:50
1) Түрікшілдік идеясы дегенді қалай түсінесіз?
2) Қазақ жерінде түрікшілдік идеясын таратушылар кімдер болды?
3) М.Шоқай туралы не білесіз?
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход