Menu
Даналардан қалған сөз
Омар Ибн Хаттаб Ағнаф Ибн Хайсқа насихат қылып айтты:

“Ей, Ағнаф, кім көп сөйлесе, надандығы көбейеді, кімнің надандығы көбейсе, ұяты азаяды, кімнің ұяты азайса, иманы шөліркейді, кімнің иманы шөліркесе, қалыбы өледі”.

Хасан Басри айтады: “Ей, адам баласы, өмірің бір күннен құралады. Күн өткен сайын сенің де аз-аздап бұлағың кете барады. Азының кетуі баршасының кетуінен де ауырырақ. Сен бұл нәрселерді жақсы біл. Бұл күн амал уақыты, есеп жоқ, амал қылып қал. Ертең есеп күні келеді, ол күнде амал қылу жоқ.

Кездескен адам жас жағынан сенен үлкен болса, айт: “Бұл адам менен үлкен болғандықтан, дінге көп қызмет еткен”. Егер өзіңнен кіші адамға кездессең, “Бұл әлі жас, мен бұдан көп күнә істедім. Ендеше, бұл менен жақсы” де. Ал құрдасыңа кездессең: “Мен өз күнәларымды білем. Мүмкін білмеймін. Олай болса, бұл менен жақсы деп ойлағайсың”.

Бір хакім адам айтты:

“Надандық төрт түрлі істе көрінеді: амалға асырылмайтын сөзде, нәтижесіз істе, орынсыз араздықта, жағымсыз әдемілікте”.

14.10.2010 23:40 Қазақ тілі Артем 4132 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход