Menu
Шығыс шырайлары
Шығыс халықтарының ауызша және жазбаша әдебиеті өте бай, әсіресе, мақалдары мен мәтелдері ғасырлардан-ғасырларға, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, біздің заманымызға ХVІ ғасыр биігіне жетіп отыр. Халық өмірінің әр кезеңдеріндегі айнасы ретінде қоғамға, адамға, әлемге, түрлі тіршілік құбылыстарына байланысты көріністерді, әрекеттерді, әдет-ғұрыптарды, халық мінезін айнытпай бейнелейді. Әлеуметтік-экономикалық, тарихи-этнографиялық тұрғыдан қарағанда шығыс халықтарының әрбір мақал, мәтелдерінде тіршілік мәйегі, фәлсафасы тұнып тұр.

Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері кейде бірін-бірі қайталап жатады. Кейде бір-біріне қарама-қайшы келетін, өзара ұқсайтын тұстары да бар. Бірақ ол да белгілі бір заңдылықтарға орайлас келетін сияқты. Тарихы, мәдениеті, жағрафиясы, тұрмыс жағдайы өзара жақын келетін халықтардың ауызша, жазбаша әдебиеті, қанатты сөздері, афоризмдері ұқсас, жақын келеді.

Өмірдің сан қилы иірімдері, құбылыстары жайында халықтан артық, шебер, дәл, терең жеткізген кім бар десеңізші! Тауып айтылған сөз тәкаппарды аттан түсіріп, тауларды көтеріп, теңіздерді тербетіп, темірді илеп отырған ғой. “Қаһарлы қылыш ала алмаған қамалды қаһарман сөз алады”, – деп шығыста бекер айтпаған. Шығыс мақал-мәтелдері күлдіреді, жылатады, қуат береді, ойлантады, алға ұмтылдырады, өкінтеді, бармақ тістетеді, қолға қалам алдырады, қаруландырады, ашуландырады, мейірлендіреді. Алақанға сиятын аз ғана сөзде уақыт, әлем, ғасырлар жатыр, көрікті көштер, кесенелі кең пейіл керуендер, күн шуақты күмбездер, нажағайлы аспан жатыр. Тоқсан толғап айтылған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, телегей ойлардың тұжырымы, табыттай ауыр, қаңбақтай жеңіл тағдырлар мен жұлдызды жолдардың тоғысы бар. “Мақал өтірік айтпайды”, – дейді арабтар, “Ақылға ер”, – дейді түркімендер. “Айтқан сөз – атылған оқ”, – дейді қазақтар. Өте орынды асқан тапқырлықпен айтылған саф таза терең тұжырымдар көпшілік көкірегінде қалып қойған. Ата-ана, жастық, қарттық, ізгілік, жақсылық, жалқаулық, зұлымдық, тәрбие, махаббат, достық, табиғат жайында қаншама ғажайып мақалдар галереясы сап түзеп біздің уақытқа жеткен десеңізші. Алайда барлығы да бес саусақтай бірдей болып келмейді. Әрбір мақалда, мәтелде арабтың, үндістің, түріктің, қазақтың, қарақалпақтың, жапонның мінезі, тұрмыс жағдайы, өзіндік ерекшеліктер, өз көзқарастары қалыптасып жатады. Біріне таң қаласың, екіншісіне ішіңді тартасың, үшіншісіне күлесің, төртіншісіне жылайсың, бесіншісі бесбатпан ойға батырады. Әрқайсысына уақыттың, заманның, қоршаған ортаның салған белгілері бар.

14.10.2010 23:41 Қазақ тілі Артем 3795 8
Отан   16.10.2010 13:47
Корей мақал-мәтелдері
1. Жаңа ескісіз болмас
2. Бір күн кейінге қалдырсаң, он күнге кетеді.
Отан   16.10.2010 13:47
Жапон мақал-мәтелдері
1. Кішіпейілділік – даналықтың сәні.
2. Әке сезімі таудан биік, ана сезімі мұхиттан терең.
3. Жалған тез тозады.
Отан   16.10.2010 13:46
Үнді мақал-мәтелдері
1. Тәжірибе – барлық білімнің әкесі.
2. Алдымен еңбек сіңір, сосын талап ет.
3. Қанағат ету – зор байлық.
Отан   16.10.2010 13:45
Түрік мақал-мәтелдері
1. Қайырымды сөз темір есікті ашады.
2. Халық лақтырған тас алысқа түседі
Отан   16.10.2010 13:45
Қытай мақал-мәтелдері
1. Күші бар күшімен, күші жоқ ақылымен алады.
2. Мың мамандық болса, соның ең биігі – ғалым.
3. Адамдар қателеседі, аттар сүрінеді.
4. Кітаптан терең, адам ойынан биік ештеңе жоқ.
Отан   16.10.2010 13:44
Араб мақал-мәтелдері
1. Шет жерде жүргенде Отанынан артық қымбат жоқ.
2. Инемен шаныша алмағанды сөзбен шаншиды.
3. Сабыр – қуаныштың кілті.
4. Екі рет ойла, бір рет сөйле.
5. Кейін өзің жыламайын десең, балаңды жылатып ал.
Отан   16.10.2010 13:43
– Шығыстың мақал-мәтелдерін білесіз бе?
– Шығыстың әдебиеті өте бай ғой, бірақ мақал-мәтелдері туралы ештеңе естімеппін.
– Шығыс мақал-мәтелдері де халықтың тіршілік (көріністерін) айнытпай (суреттейді). Тауып айтылған сөз (өркөкіректі) аттан түсіреді.
– Иә, “Сөз тапқанға қолқа жоқ” демей ме атамыз қазақ.
– Шығыста да мынадай әдемі сөз бар: “(Айбатты) қылыш ала алмаған қамалды қаһарман сөз алады”.
– Шығыс және қазақ мақалдарында ұқсастықтар бар ма?
– Әрине, шығыста да мақал-мәтелдердің халық психологиясында алатын орны ерекше. Арабтар: “Мақал өтірік айтпайды”, десе, “(Зердең) жоқ екен (зердеге) ер, ол жоқ болса, мақалға ер”, – дейді түркімендер.
– Иә, қай халықта болса да осындай өте орынды асқан (тапқыштықпен) айтылған терең тұжырымдар көпшіліктің көкірегінде қалған ғой
Отан   16.10.2010 13:43
а) Шығыс шырайлары дегенді қалай түсінесіз?
ә) Тақырыпты оқи отырып, қандай болжау жасар едіңіз? Сіздіңше, мәтінде не туралы сөз болады?
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
Регистрация Вход